15.05.2008, 11:41 1674

Оңтүстік Қазақстан облысындағы жанар-жағармай тарату бекеттерінің қожайындары "Синойл" компаниясы әділетсіз бәсекелістік жүргізуде деп мәлімдеуде

Оңтүстік Қазақстан облысындағы жанар-жағармай тарату бекеттерінің қожайындары "Синойл" компаниясы әділетсіз бәсекелістік жүргізуде деп мәлімдеуде

Шымкент. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық жанар-жағармай тарату бекеттерінің "Жарнар-жағармай" қауымдастығының мүшелерінің пайымдауынша, Қытай компаниясы нарықтан жергілікті кәсіпкерлерді ығыстырып шығару саясатын жүргізуде. Бұл туралы қауымдастық президенті Қайыпбек Қамбаров пен қауымдастық құрылтайшыларының бірі Пернебай Мырзашүгіров өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Баспасөз мәслихатына қатысушылар Оңтүстік Қазақстан облысындағы жанар-жағармайға қатысты ахуалды мүшкіл деп бағалауда. Қазір Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлерге тиесілі жанармай тарату бекеттерінде барлық отын түрлерінің тапшылығы байқалуда. Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылардың айтуынша, АИ-92 жанармайының олар қажетті көлемінің небәрі жиырманшы бөлігін ғана алуда. Алайда, дизельдік отырған қатысты да ауыр ахуал қалыптасып отыр.

"Қаланың мұқтаждығы үшін дизельдік отын мүлдем жіберілмей отыр. Ал сәуір айында экспортқа 36 мың 800 тонна жанар-жағармай шығарылды, бұл өткен жылғыдан екі жарым есе артық. Ал біз үш айдан бері дизельдік отын мүлдем алған жоқпыз", - деді Қ. Қамбаров.

Қауымдастық басшылығының пікірінше, мұндай жағдай Шымкент мұнай өңдеу зауытының басшылығына Қытайдың ұлттық мұнай компаниясы келгеннен кейін қалыптасып отыр. Жанар-жағармай тарату бекеттерінің қожайындарының айтуынша, қытайлықтар қызмет көрсету нарығынан жергілікті жанар-жағармай тарату бекеттерін ығыстырып шығаруға талпынуда.

"Қытайлықтар бірінші кезекте өздерін ойлайды. Қытай фирмасына қарасты жанармай тарату бекеттерінде жанармай бар, тіпті қормен босатылады, бекететрдің жанында жанармай таситын көліктер ұдайы тұрады. Оларда проблема жоқ. Ал Оңтүстік Қазақстан облыстық жанар-жағармай тарату бекеттерінің қожайындарына жанар-жағармай сатпайды", - деді П. Мырзашүгіров.

"Мұндай жағдайға наразылық білдіргендермен жанар-жағармай сату жөніндегі келісім-шартын бір жақты бұзу жағдайларын да айтар едім. Мұнай өнімдерін сату қытай компаниясының қолында", -деді Қ. Қамбаров.

Жанар-жағармай тарату бекеттерінің қожайындарының пікірінше, отынды шетелге шығаруға шектеу қою қажет, ішкі нарықты толтыру керек. Сонымен бірге, баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылардың пікірінше, Оңтүстік Қазақстан облысының нарығында Қытайдың "Синойл" фирмасына қарасты жанар-жағармай тарату бекеттері желісінің монополия орнату процессін тоқтату керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны