08.10.2016, 17:03 4777

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі бельгиялық компанияныӊ өкілдерін қабылдады

Келіссөздер барысында өӊір үшін әлеуметтік-экономикалық маӊызы жоғары инвестициялық жобалар талқыланды.

Шымкент. 8 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев ірі бельгиялық "WILLEMEN Groep NV компаниясыныӊ президенті Йохан Виллемен және аталған компанияныӊ өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында өӊір үшін әлеуметтік-экономикалық маӊызы жоғары инвестициялық жобалар талқыланды. Атап айтқанда нәтижесінде Шымкент қаласында онкологиялық орталықтыӊ құрылысы жобасын әзірлеу туралы екіжақты келісімге қол қойылды. Бұл жобаныӊ инвестициялық көлемі 250 млн. евро. Онкологиялық орталықтыӊ қуаттылығы 350 орындық. Сондай-ақ, іскерлік кездесу барысында, бельгиялық іскерлер Сарыағаш-Мақтарал автожолыныӊ құрылысы және Шымкент әуежайы терминалын жаӊғырту құрылысы жобалары бойынша жұмыс істеуге әзір екендіктерін білдірді.

Кездесу соӊында, өӊіріміздіӊ басшысы жобаларды әріқарай іске асыру мақсатында жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

"WILLEMEN Groep NV" - Бельгияда көптеген жылдар бойы тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардыӊ, автожолдардыӊ және медициналық нысандардыӊ құрылысымен айналысқан компания болып табылады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Жансейіт Түймебаев Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев "Ж.Қ.Түймебаевты Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі қызметіне тағайындау туралы" 2016 жылғы 7 қазандағы №353 Жарлыққа қол қойды.

"Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасыныӊ Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасыныӊ Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылсын",- делінген Жарлық мәтінінде.

ҚР Премьер-Министрі ОҚО активіне өӊірдіӊ жаӊа басшысын таныстырды

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кеше Оӊтүстік Қазақстан облысына барған болатын.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оӊтүстік Қазақстан облысы активіне өӊірдіӊ жаӊа басшысын таныстырды. Шымкентте облыстық мәслихаттыӊ кезектен тыс сессиясында Б. Сағынтаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ облыс әкімі қызметіне Қазақстанныӊ Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтыӊ кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқып берді.

Мәслихат депутаттары аталған кандидатураны бірауыздан қолдады. Облыс активініӊ алдында сөйлеген сөзінде Б.Сағынтаев бұрынғы әкім Б.Атамқұловқа атқарған қызметі үшін алғысын айтты.

Жеке анықтама:

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы (1958 жыл 8 шілде) - ҚР мемлекеттік қайраткері, дипломат, Қазақстан Республикасыныӊ Түркиядағы және Албаниядағы елшісі, ТМД мүше мемлекеттер мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорыныӊ бірінші басқарма төрағасы.

Ғылыми және оқытушылық қызметпен айналысқан. ҚазМУ ассистенті, аға оқытушысы, доценті болып қызмет атқарған. Филология ғылымдарыныӊ докторы ғылыми дәрежесі бар.

1993 жылдан бастап - ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарған. Бірінші хатшы, бөлім меӊгерушісі болған. Кейін Түркиядағы ҚР Елшілігінде қызмет атқарған. Ыстамбұлдағы Қазақстан Республикасыныӊ консулдық басшысы болып тағайындалған.

1999 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасыныӊ басшысы.

2004 жылдан бастап - ҚР Президентініӊ кеӊесшісі - ҚР Президенті Хаттамасыныӊ басшысы.

2006 жылдыӊ 1 ақпанынан - Ресей Федерациясындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2007 жылдыӊ 19 қаӊтарынан - ҚР білім және ғылым министрі.

2010 жылғы 7 қазанда Түркиядағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2011 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасыныӊ Албаниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқаруға тағайындалған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны