19.10.2016, 10:53 4138

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Үкіметке "Шымкент сауда-көрме орталығын" құру идеясын ұсынды

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Ордабасы ауданыныӊ Бадам елді мекеніндегі аумағы 200 гектардан асатын "Бадам" қазақ-түрік индустриялық аймағына барып, ондағы іске асырылып жатқан жобалардыӊ жұмысымен танысты

Шымкент. 19 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Ордабасы ауданыныӊ Бадам елді мекеніндегі аумағы 200 гектардан асатын "Бадам" қазақ-түрік индустриялық аймағына барып, ондағы іске асырылып жатқан жобалардыӊ жұмысымен танысты,- деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Болашақта мұнда тракторлар мен экскаваторлар, құрылысқа қажетті заттар мен лифт, бау-бақшаға арналған арбалар, доӊғалақтар, сонымен бірге, кеӊсе және үй жиһаздарын шығаратын 17 жоба бойынша өнеркәсіп орындары жұмысын бастамақ. Айта кететін жайт, мұнда бюджеттік 1 теӊгеге 26,2 теӊге жеке инвестиция тартылған.

Осындай өнеркәсіп орындарыныӊ бірі - ауыл шаруашылығы техникалары мен тракторлар шығаратын "Kaz Kioti" зауыты. Бір жылда 1600 дана техника шығаруға қауқарлы серіктестікте 300 адам жұмыс істейді. Өткен жылы жұмысын бастаған зауытта бүгінге дейін 167 трактор жасап шығарылып, облыстағы шаруашылықтармен қатар, көрші Таразға саудаланған. Болашақта мұндағы техникалар Ресей асуы да мүмкін.

Индустриялық аймақтағы тыныс-тіршілікке қанық болған аймақ басшысы Ж.Түймебаев ондағы кәсіпорындардыӊ кестеге сәйкес мерзімінде тапсырылуы қажеттігін ескертіп, ондағы инфрақұрылым жайын ретке келтіруді міндеттеді. Сондай-ақ, Шымкент қаласыныӊ орталығында орналасқан кәсіпорындарды шаһар маӊына көшіріп, сауда айналымын жақсарту мақсатында аймақаралық ?ріптестікті нығайту керектігін айтты. Сондай-ақ, ол осы мәселе жөнінде Үкіметке "Шымкент сауда-көрме орталығын" құру идеясын ұсынғанын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны