29.03.2010, 17:33 4239

Оңтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылығы өнім өндірушілері наурызда бөлінген дизельдік отынның небәрі үштен бір бөлігін ғана алды

Оңтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылығы өнім өндірушілері наурызда бөлінген дизельдік отынның небәрі үштен бір бөлігін ғана алды

Шымкент. 29 наурыз. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылығы өнім өндірушілері наурыздағы егіс науқанына арнап бөлінген 9 мың тонна дизельдік отынның небәрі үштен бір бөлігін ғана алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ауылшаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.

""Торғай Петролеум" компаниясымен бір тоннасын 47,4 мың теңгеге 6,1 мың тоннасын жеткізуге шарт жасалған. Оның 3514 тоннасы дихандарға жөнелтілді. Ал PetroKazakhstan сауда үйімен бір тоннасын 65,8 мың теңгеге 2,9 мың тонна дизельдік отын жеткізу жөніндегі келісіс-шарты қазір рәсімделіп жатыр", - деп хабарлайды басқармадағылар.

Сәуірде көктемгі егіс науқанына 10 мың тонна дизельдік отын қарастырылған. Бұл ретте ҚР Мұнай және газ министрлігінің шешімімен барлық ресурс иелері ауылшаруашылығы өнім өндірушілеріне арналған дизельдік отынды бір литрін 55 теңгеге жеткізіге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны