15.09.2016, 13:39 4532

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Бәйдібек және Отырар ауданында салынып жатқан су қоймасы құрылысы 2016 жылы аяқталуға тиіс - Б.Атамқұлов

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Б.Атамқұловтыӊ төрағалығымен кеӊейтілген аппараттық мәжіліс өтті. Аудан, қала әкімдерімен селекторлық режимде өткен жиында 6 мәселе қаралды, деп хабарлайды облыс әкімініӊ сайты.

Шымкент. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Б.Атамқұловтыӊ төрағалығымен кеӊейтілген аппараттық мәжіліс өтті. Аудан, қала әкімдерімен селекторлық режимде өткен жиында 6 мәселе қаралды, деп хабарлайды облыс әкімініӊ сайты.

Жиында Үкіметтіӊ 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеӊейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы тарапынан берілген бірқатар тапсырмалардыӊ орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.

Қазақстанда алдағы бес жылда айналымға кем дегенде 600 мыӊ гектар суармалы жер қосылады. Су қорыныӊ талап етілетін көлемі төтенше жөндеу және жаӊа су қоймаларын салу есебінен құрылады. Осы ретте аймақ басшысы егістікті ағын сумен толық қамтамасыз ету үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып су қоймаларын салудыӊ жоспарын әзірлеуді тапсырды.

"Егістік алқаптарды суландыру мәселесін шешуде су қоймаларын салудыӊ маӊызы айрықша. Бүгінде үлкен су қоймасы Бәйдібек пен Отырар ауданында салынып жатыр. Биыл оныӊ құрылысы аяқталуы тиіс. Облыстық басқарма барлық аудандарда осындай мүмкіндіктерді зерттеп, жоспар әзірлеуі тиіс", - деді Бейбіт Бәкірұлы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны