12.09.2007, 17:28 2864

Оңтүстік Қазақстан облысының билік өкілдері "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімін 2030 жылға дейін ұзартуды сұрайды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысының билік өкілдері "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімін 2030 жылға дейін ұзартуды сұрайды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Біз арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімін 25 жылға дейін ұзартуды және мамандандыру мүмкіндігін кеңейтуді сұраймыз",- деді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Арман Жетпісбаев бейсенбіде облыстық әкімшілікте өткен жиналыс барысында вице-премьер Өмірзақ Шүкеевке қаратып айтқан сөзінде. "Біз тоқыма өндірісінен басқа да, минералдық тыңайтқыштар, синтетикаліқ жуғыш заттар өндіру, жеміс-көкөністерді қайта өңдеу сияқты іс-қызметтің қосымша түрлеріне рұқсат берулеріңізді сұраймыз",- деп нақтылады әкімнің орынбасары.

Бүгінде арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімі 2015 жылдың 1-шілдесіне дейін белгіленген.

Кеше аймаққа келген вице-премьер облыс белсенділеріне "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бастығы Асқар Мырзахметовты таныстырған. Үш облысты - Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда мен Жамбыл облыстарын біріктіретін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны құрудың мақсаты мен міндеттерін талқылау барысында Оңтүістік Қазақстан облысында "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өзі аттас арнайы экономикалық аймақпен ынтымақтастығы ең тиімді жол екендігі туралы пікірлер айтылды.

Ө. Шүкеев жиналғандарға "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының құрылымы мен функциясын түсіндіре отырып, былай деп атап көрсетті: "премьер әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны мемлекет пен жеке бизнестің күшін біріктіру үшін құруды ұсынды. Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорация үкімет пен бизнес арасындағы байланыстырушы буын. Қазір екі ай ішінде алдағы екі-үш жылға арналған жобалар жиналатын болады. Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның басшысымен тығыз жұмыс істеп, өз жобаларыңызды ұсынуларыңыз қажет".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны