19.09.2016, 11:04 4564

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ енбек испекторлары өӊір жұмысшыларыныӊ 501,8 млн. теӊге жалақы қарызын өндіріп берді

Анықталған заӊ бұзушылықтар негізінде 394 нұсқама беріліп, 18 579 960 теӊге көлемінде 151 айыппұл салынды.Салынған айыппұлдардыӊ 11 368 560 теӊгесі өндіріліп алынған.

Шымкент. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ еӊбек инспекциясы жөніндегі басқармасы жыл басынан бері жалақыларын ала алмай жүрген 7043 жұмысшыныӊ құқығын қорғады. Инспекторлардыӊ араласуыныӊ нәтижесінде 36 кәсіпорын мен мекемелердіӊ жұмысшылар алдындағы 508,9 млн. теӊге жалақы қарызы анықталып, оныӊ 501,8 млн. теӊгесі төленді. Бұл туралы ОҚО еӊбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Бастар Есқараев мәлімдеді.

Оныӊ айтуынша, қазір қазір қалған 7 млн. теӊгеден астам жалақы қарыздарын өндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

"Біз, әсіресе жалақы қарызы ғана емес, жалпы жұмысшылардыӊ құқықтарыныӊ қорғалуын бақылауда ұстаймыз. 2016 жылдыӊ 8 айында облыстағы мекемелер мен кәсіпорындарда 548 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 902 заӊбұзушылық анықталды. Оныӊ ішінде еӊбек туралы - 668, еӊбек қауіпсіздігі және еӊбекті қорғау бойынша - 179, халықты жұмыспен қамту бойынша 55 заӊбұзушылық анықталды. Олардыӊ 794-і жойылды немесе заӊға сәйкестендірілді", - деді басқарма басшысы.

Анықталған заӊ бұзушылықтар негізінде 394 нұсқама беріліп, 18 579 960 теӊге көлемінде 151 айыппұл салынды.Салынған айыппұлдардыӊ 11 368 560 теӊгесі өндіріліп алынған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны