23.09.2016, 11:43 4677

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ кәсіпкерлері шетелдік тәжірибелі мамандардыӊ көмегімен өндірістік біліктілігін арттыруда

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді оқыту мен біліктіліктілігін арттыру, сонымен қатар бизнесті дамыту мақсатында 2013 жылдан бастап "Аға сарапшылар қызметі" бағдарламасын жүзеге асыруда.

Шымкент. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ кәсіпкерлері "Аға сарапшылар қызметі" (SES) бойынша Германия елініӊ тәжірибелі мамандары көмегімен өндірістегі біліктілігін арттыруда,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

1 айдан 6 айға дейінгі аралықта шетелдік са, рапшылар әлемдік стандартқа сай тәжірибемен бөліседі. Бүгінде Шымкент қаласына 3 шетелдік маман шақырылған. Оныӊ екеуі керомогранит өндіретін отандық "Зерде-Керамика" зауытында қызмет көрсетуде.

Шығарылатын өнімніӊ сапасын арттыру және оны өӊірде сұранысын жандандыру мақсатында "Зерде-Керамика" компаниясы ОҚО Кәсіпкерлер палатасы көмегімен "Аға сарапшылар" бағдарламасымен 2 шетелдік маманды жұмысқа шақырды. Компанияныӊ коммерциялық директоры Артур Пазылбеков шетелдік маманныӊ құрылыс саласын қыр-сырын ашып, зауытты әріқарай қарқынды дамытуға көмек беретініне көз жеткізген соӊ аталмыш бағдарламаға қатысуға ниет білдірген.

"Өнім түрлерін арттыру және оныӊ сапасын жоғарылату, сондай-ақ инвесторлар тарту мен шетелдік өнімге тәуелді болмау мақсатында біз "Аға сарапшылар" бағдарламасына қатысып, Германиядан білікті мамандарға ОҚО Кәсіпкерлер палатасы көмегімен сұраныс білдірдік. Бүгінде шетелдік маман зауыт қызметкерлеріне өнімді қалай сапалы әрі қолжетімді ету жолдарын үйретуде. Жылдар бойы жинаған тәжірибесін іс жүзінде көрсетуде" - деді Артур Пазылбеков.

Жоғары санаттағы шетелдік маман Ульрих Клоке бар өмірін маркетинг, бизнес идеяларды жүзеге асыру, сатылымды ұлғайту, нарықтық талдау жасау сияқты саларды зерттеуге арнаған. Аталған бағдарлама бойынша Намибия (Африка), Сербия және Болгария елдерінде мамандарды оқытқан. 1974 жылдан бері Гемания елінде құрылыс заттары дүкенін ашып, керамогранит өӊдеумен айналысқан. Қазақстанға алғаш рет табан тіреген сарапшы құрылыс затын шығаратын осындай өндіріс ошағыныӊ бар екенін білмеген көрінеді.

"Мен Қазақстанға алғаш рет келдім. "Зерде-Керамика" кәсіпорыныӊ жұмысы шетелдік стандарттарға сай жүргізіледі екен. Жергілікті жердегі істіӊ ахуалына талдау жүргіздім. Бүгінде зауыт өнімініӊ сапасын арттыру және оны қолжетімді ету үшін өз рецептураларымды ұсындым" - деді шетелдік аға сарапшы Ульрих Клоке.

Осындай тәжірибелі маманныӊ бірі отандық ірі тігін фабрикасында жұмыс істеуде. "Алтын адам" маркалы тігін фабрикасы - республикамыздағы ерлер және әйелдер костюмін тігетін таӊдаулы кәсіпорын. Күніне 500 костюмді сатылымға шығаратын фабрика өз өнімін еліміздіӊ барлық өӊірлеріне жеткізеді. Фабрикада жылына 26 400 дана костюм, 52 800 дана шалбар тігіліп, бүгінде 103 адам жұмыс істейді. Дуалды оқыту жүйесімен жас мамандар дайындалып, біліктілігін арттырған соӊ жұмысқа кіріседі. Фабрика басшылығы кәсіпорын жұмысшыларын заманауи киім үлгілерін жоғары дәрежеде тігіп үйренуі үшін шетелден маман шақыртуға бел буған.

"Біз шетелдік мамандарға әрқашан зәруміз. Себебі сән саласы бір орында тұрмайды, үнемі жаӊарып отырады. Бізге шетелдік эксперт әйелдер сырт киімдерініӊ жаӊа үлгілерін ұсынып жатыр" - деді кәсіпорын менеджері Айжан Қалмұратова.

Шетелдік сарапшы Ятта Хайдельманн Финляндия елініӊ тумасы. Сән саласында ұзақ жылдар бойы еӊбек еткен. Атақты Erwastil, Хиршберг, Finnkarelia Mode GmbН сән үйлерінде модельер-конструктор қызметінде жұмыс жасаған. 2014 жылдан бері "Аға сарапшылар" бағдарламасы бойынша Бангладеш елінде және Қазақсттанныӊ өзге де қалаларында дизайнерлерді оқыта бастаған.

Аға эксперт дәстүрлі нақыштарды сақтай отырып заманауи үлгідегі сырт киімдерді қалай жасауға болатынын үйретуде.

"Адами капиталды дамыту, маркетингтік сарапатама жасау, сату мен бизнес мақсаттарды жүзеге асыру - әр кәсіпорыныӊ дамуына түрткі болатын бірден - бір себеп, - деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасыныӊ Адами капиталды дамыту бөлімі басшысы Берік Кенжебаев. ОҚО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді оқыту мен біліктіліктілігін арттыру, сонымен қатар бизнесті дамыту мақсатында 2013 жылдан бастап "Аға сарапшылар қызметі" бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл бағдарламаныӊ басты ерекшелігі шетелден келетін сарапшылардыӊ келіп-кету шығындарын, визалық және жалақы шығындары бағдарламамен төленеді, кәсіпкерлерден тек сарапшыға жергілікті тұратын орынмен қамтамасыз ету талап етіледі, - деді Б.Кенжебаев.

Айта кетейік, аталмыш бағдарлама көмегімен "HILLCorporation" ЖШС, "Оразалиева" ЖК, "Food Production" ЖШС, "Амангелді" ЖШС, "Arsenal sad" компаниялары және тағы басқа жергілікті өндіріс орындары шетелдік мамандар қызметіне жүгінген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны