11.11.2016, 13:33 5125

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Мақтаарал ауданында күріш өӊдеу зауытыныӊ құрылысы жүруде

Аймақтағы жұмыстардыӊ барысын тыӊдаған өӊір басшысы бүгінге дейін мұнда бір ғана жобаныӊ жұмысын бастағанын сынға алып, қалған жобаларды тездетіп іске қосуды жүктеді

Шымкент. 11 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданында болды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Аудандағы индустриялық аймақтыӊ жұмысымен танысу облыс әкімініӊ бүгінгі жұмыс сапарыныӊ жоспарында болды. Өткен жылы аймақта жұмысын бастаған "Береке ММА" мақта өӊдеу зауыты туралы баяндаған жергілікті басшы бүгінде мұнда күріш өӊдеу зауытыныӊ құрылысы жүріп жатқанын жеткізді. Сонымен бірге, ол индустриялық аймақтан "Полиэтилен өндірісі", "Санитарлық-гигиеналық заттар өндірісі", "Жеміс-жидекті қайта өӊдеу зауыты" жобалары іске қосылып, тоқыма кластерін дамыту үшін мақтаны тереӊ өӊдеу өндірістеріне 12 га жер телімін беру жоспарланып жатқанын хабарлады.

Аймақтағы жұмыстардыӊ барысын тыӊдаған өӊір басшысы бүгінге дейін мұнда бір ғана жобаныӊ жұмысын бастағанын сынға алып, қалған жобаларды тездетіп іске қосуды жүктеді.

Өӊірдегі өнеркәсіптіӊ өӊір экономикасындағы маӊызы орасан зор. Аудандағы жұмыспен қамтылған халықтыӊ 2,2 %-ы осы салада қызмет етеді.

Ауданныӊ даму бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы экономикалық дамуға (2012-2014 жылдар) сәйкес жалпы, өнеркәсіптіӊ даму динамикасыныӊ оӊ көрсеткіші сақталғандығын көрсетеді. Өӊірдегі өнеркәсіптік өндіріс саласыныӊ дамуы Қазақстан Республикасыныӊ 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасыныӊ негізгі бағыттарына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

2010-2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасы шеӊберінде жалпы инвестиция көлемі 2,6 млрд.теӊгені құрайтын 5 жоба іске қосылды (315 жаӊа жұмыс орны). Жобаныӊ басым бөлігі елді мекендерде іске асырылды.

Нақты сектордағы экономикалық даму тұрақтылығы инфляция деӊгейін ұстап тұрудыӊ; кәсіпкерлікті дамытудыӊ; инвестициялық ахуалдыӊ қолайлылығыныӊ; халықтыӊ өмір сүру деӊгейініӊ жақсаруы нәтижесінде ішкі сұраныстыӊ артуыныӊ; сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді өндіру қарқыныныӊ өсуініӊ арқасында қамтамасыз етіліп отыр, бұл сыртқы және ішкі сауда көрсеткіштеріне оӊ ықпалын тигізіп отыр.

Сонымен қатар, экономика өсуініӊ ішкі резервтерін пайдалану есебінен экономиканы дамытудыӊ басты алғышарттары жасалған. Өсу резервтері өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және қызметтер есебінен негізделеді.

Аумақ тұрғысынан алғанда, өндірілетін өнеркәсіп өнімдерініӊ көп бөлігі Жетісай қаласына - 24,1% (2012 ж. - 7,9%) және Мырзакент кенті - 23,6% тиесілі (2012 ж.-22,5%), Мақтаарал а/о - 11,9%, (2012 ж. - 17,5%) Асықата - 17,5 % (2012 ж. - 23,5 %) бұған еӊ алдымен өӊдеу саласыныӊ арқасында қолжеткізілді.

Өӊдеу өнеркәсібін дамыту

Өӊірдіӊ өӊдеу өнеркәсібініӊ негізін азық-түлік және сусындар өндірісі, тоқыма бұйымдарыныӊ өндірісі, жиһаз жасау өнеркәсібі құрайды.

Өндіріс көлемініӊ арту динамикасына азық-түлік және сусындар өндірісі, тоқыма бұйымдарыныӊ өндірісі, жиһаз жасау өнеркәсібіндегі өнім шығарудыӊ ұлғаюы ықпал етті.

Перспективалары:

"Индустриялық аймақ" ИА-ныӊ болуы салаға инвестиция тартуға, өӊдеу өнеркәсібініӊ жаӊа кәсіпорындарын салуға ықпал етеді.

Мақтаарал ауданында көлік-логистикалық орталық құрылады. Бұл:

- Аудан тауар өндірушілерініӊ өнімдерін өткізу арналарын ашып, Кедендік одақ, Еуропа және алыс шетел елдеріне шығаруға;

- жергілікті өндіріс тауарларыныӊ көтерме сауда алаӊын құруға;

- тауарларды тасымалдаудыӊ тиімді логистикалық бағыттарын салуға;

- көлікті тиімді пайдалануды арттыру үшін көлік ағындарын жетілдіруге мүмкіндік береді;

Өӊдеу өнеркәсібі әлеуетіндегі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысын ескергенде, ауданда тамақ өнеркәсібі басым. Сондай-ақ, ауданда құрылыс индустриясы дамып келеді, жаӊа және қолданыстағы тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарын салу және жаӊарту үшін белсенді түрде инвестиция тартылып жатыр.

Тамақ өнеркәсібініӊ дамуы

Тамақ өнеркәсібі өӊірдіӊ өӊдеу өнеркәсібініӊ негізгі салаларыныӊ бірі болып табылады. Ауылшаруашылық саласыныӊ қарқынды дамуы өӊірдегі тамақ өнеркәсібініӊ дамуына өз ықпалын тигізді.

Саланыӊ негізгі кәсіпорындары: "Ақалтын-Береке" ЖШС, "Жансаулық" ЖШС, "Кудияров и К" ТС және жеке кәсіпкерлер.

Перспективалары:

- Негізгі азық-түлік өнімдерін өндіруде, сұраныс пен тұтыну көлемі өсуде;

- Өӊірдіӊ өӊдеу өнеркәсібінде және жалпы өӊір экономикасында азық-түлік өнімдерін өндіруді дамытудыӊ салыстырмалы түрде жоғары деӊгейі байқалады;

- Аудан бойынша тамшылатып суару технологиясы енгізіліп, жылыжай көлемі ұлғаюда;

- Ауданда азық-түлік өндірісі бойынша орташа кәсіпорындардыӊ саны көбейген;

- Халықтыӊ көп бөлігі АӨК саласында жұмыспен қамтылған;

- Иртүрлі азық-түліктерге деген ішкі қажеттіліктіӊ жоғары болуы импортпен және осы үшін жұмсалатын шығын деӊгейімен расталып отыр;

- Өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерін өӊдеу үлесініӊ арту мүмкіндігі және тереӊ өӊдеуде резервтердіӊ болуы;

- Инвестиция тым төмен болған кездеде, бұл саланыӊ өсу қарқыны жоғары болған.

Жеӊіл өнеркәсіп

Ауданныӊ жеӊіл өнеркәсібіне тоқыма және тігін өнеркәсібі, киімдер, былғары және соған қатысты өнімдер өндіру кіреді.

Негізгі өнім түрлері: мақта талшығы, мақта-мата жібі, мақта-мата кездемелері, үйге қажетті заттар, жұмысқа арналған киімдер, әртүрлі костюмдер, бас киімдер, тоқыма шұлықтар және т.б.

Саланыӊ негізгі кәсіпорындары Мақтаарал ауданында (мақта талшығын өндіретін 9 кәсіпорын) орналасқан.

Тоқыма өнеркәсібі

Облыс көлемінде негізінен шитті мақтаны өӊдеумен Мақтаарал ауданыныӊ кәсіпорындары айналысады. Мақтаарал ауданыныӊ облыстыӊ жалпы мақта өндіру көлеміндегі үлесі 67 %-ды құрайды.

Соӊғы он жылда Мақтаарал ауданыныӊ егіншілік шаруашылығында өзара байланысты басты үш мәселе туындады:

- мақта - дара дақыл егісі;

- өсу кезеӊінде су ресурстарыныӊ тапшылығы;

- суарылатын жерлердіӊ мелиорациялық жағдайы.

Осыған байланысты мақтаны дара дақыл егісі ретінде өсіре беру АШТӨ егіс айналымын дұрыс пайдаланбауына, жердіӊ құнарлығын төмендетуге, топырақтыӊ сортаӊдануына, соныӊ салдарынан мақта өндірісініӊ төмендеуіне әкеп соқты.

Алдағы уақытта МИИДБ аясында Мақтаарал ауданында Индустрияландыру картасы бойынша жеӊіл өнеркәсіпте шамамен 450,0 млн. теӊгеге 1 жобаны іске асыру жоспарлануда, онда 40 жаӊа жұмыс орны құрылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны