30.10.2016, 00:12 4557

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданында ауылшаруашылық құрылымдарыныӊ саны 5505-ті құрайды

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданында "Алтын күз" мерекесі салтанатты түрде аталып өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 29 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданында "Алтын күз" мерекесі салтанатты түрде аталып өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Мерекеде ауыл шаруашылық өнімдерініӊ жәрмеӊкесі мен шаруашылық техникасы және асыл тұқымды мал көрмесін ұйымдастырды. Шараға қатысқан аудан әкімі А.Мамытбеков барша ауыл шаруашылық саласыныӊ мамандарын мерекемен құттықтап, өз еӊбектерімен жоғары көрсеткіштерге ие болған аудан еӊбеккерлерін марапаттады.

Жері шұрайлы, азаматтары еӊбексүйгіш, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Ордабасы өӊірі Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылында тұрақты даму жолына түсіп, еліміздіӊ ілгері басуына өзіндік үлесін қосып келеді.

1995 жылы Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық ауылшаруашылық құрылымыныӊ саны 8275-ті құраса, оныӊ 158-і яғни 1,9 пайызы ғана осы аумақтан болатын. 21 жылда бұл көрсеткіш облыста 72 417-ге жетсе, бүгінде ордабасылықтардыӊ үлесі 5505-ке тұрақтады.

Бұл жалпы облыстағы ауылшаруашылық құрылымныӊ 7,6 пайызын құрайды. Жалпы, Ордабасы ауданы биылғы жылды да ауыл шаруашылық өнімдері бойынша жақсы көрсеткіштермен аяқтады деуге негіз бар.

Атап айтсақ: "Сыбаға" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыс көрсеткіші 20 173 ірі қара малды құраса, оныӊ 5,2 пайыздық үлесі Ордабасыға тиесілі, ал "Алтын Асық" бағдарламасымен 2903 ұсақ мал алынды. Бұл облыстық көрсеткіштіӊ 9,2 пайызы. "Құлан" бағдарламасымен алынған 741 асыл тұқымды жылқыныӊ облыстағы үлесі 16,5 пайызды құрады.

Сондай-ақ, осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ егістік алқабы 357 гектарға артып, 54 357 гектарды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда мақтаныӊ егістігі - 62 пайызға, бидайдыӊ егістігі - 32 пайызға, картоптыӊ - 3,7 пайызға ұлғайды. Ауданда биыл 30 259 тонна бидай, 15 028 тонна мақта, 68 650 тонна көкөніс, 43 500 тонна бақша өнімдері жиналды.

Ауылдардыӊ ерекшелігі ескеріліп, өнімділікті арттыру бойынша атқарылған жұмыстыӊ нәтижесінде 5 ауылшаруашылық өндірістік кооператив құрылды. Ендігі кезекте, ауылдық округтерде МТС ашу жоспарлануда. Биыл ауданда 500 гектар жаӊадан жеміс баулары егілсе, оныӊ ішінде, қарқынды бау жобасы 97 гектарға іске асырылды. Ал Төрткөл, Бөген, Жеӊіс және Қарақұм ауыл округтерінде мақта егісін 9000 гектарға жеткізу жоспарланып отыр.

Осы орайда, суармалы жерлердіӊ жағдайын жақсарту және жаӊадан суармалы жерлерді айналымға қосу үшін тағы 187 тік дренажды іске қосуға жұмыс жасалмақ. Биыл аудан бойынша жылыжайлардыӊ көлемі 7,18 гектарға ұлғайғаны да - үлкен жетістік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны