14.09.2016, 21:18 3983

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Отырар ауданыныӊ дихандары өз өнімдерін Ресейдіӊ Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларына шығаруда

Кооператив биыл 190 гектар алқапқа "Жиенбай" сортты қауын, 130 гектарына жоӊышқа, 100 гектарына жүгері дақылдарын еккен.

Шымкент. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Отырар ауданыныӊ дихандары өз өнімдерін Ресейдіӊ Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларына шығаруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

Икімдіктіӊ ақпаратына сәйкес, Отырар ауданыныӊ әкімі Ерлан Айтаханов Маяқұм, Балтакөл ауыл округтеріндегі "Отырар-Сүт-Ет" селолық тұтыну кооперативі мен "Отырар Агро өнімдері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ жұмысымен танысып, диқандармен кездесті.

Қазіргі таӊда кооператив құрамына жергілікті "Серікбай-Б", "Мейірбек ЛТД", "Үсенов-Н" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер кіреді.

Кооператив биыл 190 гектар алқапқа "Жиенбай" сортты қауын, 130 гектарына жоӊышқа, 100 гектарына жүгері дақылдарын еккен.

Тыӊ технологияларды пайдалану арқылы мол өнімге қол жеткізген шаруашылықтыӊ өнімдеріне сұраныс жоғары болып отыр. Бүгінде Ресейдіӊ Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларынан келген кәсіпкерлер өздері тасымалдап әкетуде.

Ал, Балтакөлдегі диқандар ғылымға негізделген, соӊғы озық технологияларды пайдаланып 104 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен пияз еккен болатын. Диқандар әр гектарынан 60 тоннадан өнім алуда. Бұл өнімдер келісім-шарт бойынша "Отырар қойма" ЖШС-ніӊ қоймасында сақталады. Сонымен қатар, 50 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен күздік пияз егіліп бітті.

Аудан басшысы диқандардыӊ өнімді еӊбегіне ризашылығын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны