26.05.2008, 17:16 3598

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында итальяндық прус шегірткесі шықты

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында итальяндық прус шегірткесі шықты

Шымкент. 26 мамыр. "Қазақтан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағылар итальяндық прус шегірткесі атты жаңа түрдің шабуылына ұшырады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Оңтүстік Қазақстан" облыстық газетіне сілтеме жасай отырып.

"Бұдан бұрын шегірткеге қарсы шаралар жүргізіліп, қомақты қаржы бөлінген Бірлік, Бозой, Илімтау және Жамбыл ауылды округтері қайтадан зиянкес жәндіктердің шабуылына ұрынды. Ұшақтарды қолдану арқылы 101 мыңнан аса гектар жер өңделді ", -деп хабарлады журналистерге аудандық әкімдіктің ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі Оспан Үкібаев.

О. Үкібаевтың айтуынша, шегірткенің жаңа түрімен күресу үшін ауданда 10 шақты автокөлік дайындалып, 2,5 мың гектар жер улы химикаттармен өңделді.

Ауылшаруашылық бөлімінің мәліметтері бойынша, тағы да 12 мың гектар жерді өңдеу керек. Итальяндық прус шегірткесі Қызығұрт, Арыс аудандарында анықталды. Бірақ олардың жайлаған алқаптарының көлемі үлкен емес.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны