19.05.2008, 15:10 1169

Оңтүстік Қазақстан облысының шегірткеден зардап шеккен аудандарында бір жарым мыңнан астам мал сойылды

Оңтүстік Қазақстан облысының шегірткеден зардап шеккен аудандарында бір жарым мыңнан астам мал сойылды

Шымкент. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" -Шегіркеден зардап шеккен Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы ауылдық округтерде 520 мал сойылды, оның 420 аналық мал, 100 -қозы. Бұл туралы журналистерге Сарыағаш ауданы әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің бастығы Оспан Үкібаев хабарлады.

"Шегіртке мен құрғақшылықтан зардап шеккен Сарыағаш ауданының төрт ауылды округінде малдың 40 пайызын союды жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады О. Үкібаев.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, шегірткенің қаптауынан және құрғақшылықтан төрт ауылды округ мал азығынсыз қалды. ҚР премьер-министрі 12 мамырда еттің бағасын сақтау үшін және шаруаларға көмек көрсету мақсатында белгіленген бағамен тұрғындардан малды сатып алуды ұйымдастыруда тапсырған болатын. Мәжбүрлі сатып алу жұмысы "Азық-түлік корпорациясы ҰК " АҚ міндеттелді".

О. Үкібаевтың айтуынша, бүгінгі күні үлкен көлемде ет сақтайтын тоңазытқыштардың жоқтығы малды сатып алып сою жұмыстарын тежеп отыр. "Бүгінгі кезде Шымкентте екі жеке меншік ет комбинатымен келіссөздер жүргізіліп отыр, тоңазатқыштар туралы мәселе шешілгенде оларға 15-20 мың қозыны беретін боламыз ", - деп хабарлады О. Үкібаев.

Ауылшаруашылық бөлімінің бастығы айтқанындай, көбінесе қозылар сойылады, өйткені азықтың жоқтығынан оларды баптап өсіруге мүмкіндік жоқ. Сарыағаш ауданы әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің мәліметтері бойынша Илімтау, Жамбыл, Байзақ, Бірлік округтерінде 8200 ірі қара, 211 ұсақ мал және 3030 жылқы бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны