12.10.2016, 11:15 4607

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданынан 2,5 мыӊнан астам қаракөл қойы Біріккен Араб Имірліктеріне экспортталды

Биыл Созақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімініӊ тарапынан қолға алынған ауыл шаруашылығы малдары етін экспортқа шығару жөніндегі жұмыстар оӊ нәтижесін берді

Шымкент. 12 қазан. Kazakhstan Today - Биыл Созақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімініӊ тарапынан қолға алынған ауыл шаруашылығы малдары етін экспортқа шығару жөніндегі жұмыстар оӊ нәтижесін берді.

Осы жылдыӊ тамыз айы мен қазан айыныӊ бірінші онкүндігі аралығында "Қара Құр" өндірістік кооперативінде өсірілген 2688 бас еркек қаракөл тоқтылары Біріккен Араб Имірліктеріне экспортқа шығару үшін сатылды, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Біріккен Араб Имірліктеріне экспортқа ұсақ мал мен қой, сиыр, түйе етін шығарумен айналысатын "Дисада" ЖШС-ніӊ директоры Сүлейманов Санат: "Біз Созақ ауданы "Қара-Құр" өндірістік коперативінен 2 партия, барлығы 2688 бас ұсақ мал төлдерін экспортқа шығарып отырмыз. Алдағы кезеӊде араб мемлекеттеріне экспортқа аудан агроқұрылымдарынан ұсақ мал мен сиыр, түйе етін шығару ісін жүйелі түрде жалғастыратын боламыз", - дейді.

Мұнан бөлек, серіктестіктіӊ Біріккен Араб Имірліктеріне 50 мыӊ бас ұсақ мал төлін сату жөнінде келісімшарты бар. Бүгінде экспортқа тірідей мал төлдерін шығарумен айналысып жүрген шаруалар келешекте Созақтыӊ Таукент кентінде орналасқан "Таукент мал сою цехын" күрделі жөндеуден өткізіп, іске қосуды жоспарлап отыр. Мал сою цехы іске қосылғанда мұздатылған ауыл шаруашылығы малдарыныӊ етін де шетел нарығына шығаруға мүмкіндік пайда болмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны