19.10.2016, 19:56 5812

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында 2017 жылы бөшке шығаратын зауыт іске қосылады

Бұл зауытты іске қосу үшін 337 млн теӊге инвестиция жұмсалмақ. Зауытта техникалық май тасымалдауға арналған бөшкелер шығаратын болады. Зауыт іске қосылғанда 25 адам тұрақты жұмысқа тартылады.

Шымкент. 19 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында 2017 жылы бөшке шығаратын зауыт іске қосылады, деп хабарлайды аудан әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бұл зауытты іске қосу үшін 337 млн теӊге инвестиция жұмсалмақ. Зауытта техникалық май тасымалдауға арналған бөшкелер шығаратын болады. Зауыт іске қосылғанда 25 адам тұрақты жұмысқа тартылады.

Икімдіктіӊ ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен құрылысы жүріп жатқан "UKO-S Star" Металл құрастыру зауытыныӊ" ғимаратыныӊ құрылыс жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Зауыт құрылысы жыл аяғында аяқталып, 2017 жылы іске қосылады деп күтілуде.

Анықтамалық ақпарат: Ауданныӊ өнеркәсіп саласы:

Өӊірдегі өнеркәсіптіӊ аудан экономикасындағы маӊызы орасан зор. Аудандағы жұмыспен қамтылған халықтыӊ 41%-ы осы салада қызмет етеді, ал ЖӨӨ құрылымындағы бұл саланыӊ үлесі 89%-ды құрайды.

Ауданды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы экономикалық дамуға (2011-2014 жылдар) сәйкес жалпы, өнеркәсіптіӊ даму динамикасы оӊ көрсеткіші сақталғандығын көрсетеді. Өӊірдегі өнеркәсіптік өндіріс саласыныӊ дамуы Қазақстан Республикасыныӊ 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасыныӊ негізгі бағыттарына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімі көлемі 185 млрд. теӊгеге орындалса, нақты көлем индексі 2012 жылдыӊ қорытындысымен салыстырғанда 102,8 пайызды құрады. 2015 жылдыӊ 10-айында өнеркәсіп өнімі көлемі 178,7 млрд. теӊгені құрап, 2016 жылы аудан бойынша 203 млрд. теӊгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2015 жылмен салыстырғанда 104,5% жеткізу жоспарланса, бұл көрсеткіш 2020 жылға дейін 299,3 млрд. теӊгеге немесе нақты көлем индексін 101,7% орындалуы жоспарлануда.

Қазіргі таӊда аудан көлемінде "Таукент тау-химиялық кәсіпорны" ЖШС, "Ыӊғай" БК" ЖШС, "Катко" БК", "Бетпақ-дала" БК" ЖШС, "Теріскей" ЖШС, "Қаратау" ЖШС, "Аппақ" ЖШС, "Орталық қазып шығаратын кәсіпорны" ЖШС секілді ірі және орта өндірістік кәсіпорындар; сонымен қатар құрылыстық, өндірістік және тау кен өндірісінде қызмет көрсету бағытындағы "Техноэнергосервис" ЖШС филиалы, "Шымкентдорстрой" ӨК, Қазатомөнеркәсіп ҰАК-ныӊ "Демеу-Таукент" ЖШС, "Демеу-Қыземшек" ЖШС, "Шован" "Мирас-Хан" ЖШС, "Қайлан" ЖШС, "Созақ тұз" ЖШС, "Каратау" ЖШС жұмыс атқарып келеді. Жоғарыда аталған өнеркәсіптік кәсіпорындардыӊ жігерлі жұмыстарыныӊ арқасында өнеркәсіп өнімі көлемі артып келеді. Аудан өнеркәсібі тек қана уран өндіру зауытына тәуелді болып қалмау мақсатында Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында жалпы құны 433,9 млн. теӊгені құрайтын 2 жоба іска қосылса, алдағы уақытта жалпы құны 18 955,9 млн. теӊгені құрайтын 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Өнеркәсіпте жаӊа өндірістерді іске қосу есебінен және аудан экономикасыныӊ өсу резервтерін тиімді пайдалану арқылы өнеркәсіп өнімініӊ көлемін өсіру көзделуде. Бүгінгі күнде Индустрияландыру картасы шеӊберінде ауданда жүзеге асырылып жатқан жалпы инвестиция көлемі 157,8 млрд. теӊгені құрайтын 4 жобаныӊ іске қосылуы көзделген. Бұдан бөлек ауданнан құрылған Индустриялық аймағына еӊгізетін жобаныӊ жалпы инвестиция көлемі 327,9 млн. теӊгені құрайтын 2 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Индустрияландыру картасындағы және Индустриялық аймаққа еӊгізілетін жобаларға өзектендіру процессі жыл сайын жүргізілетіндігін ескерсек, бұл көрсеткіш өзгеріп, жоба саны мен инвестиция көлемі артатын болады.

Илемдік нарықтағы тұрақсыздық салдарынан, 2015 жылдыӊ бағалауы бойынша 2015-2020 жылдарда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемініӊ өсу қарқыны баяулап, жыл сайын 0,5% шамасында өсу болады деп болжануда. 2020 жылы 2016 жылмен салыстырғанда өнімніӊ нақты көлем индекі 1,7%-ға артылуы күтілуде.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

Облыстағы тау-кен өнеркәсібі өнімініӊ 90%-ы Созақ ауданына тиесілі. Тау-кен өнеркәсібініӊ дамуы пайдалы қазбаларды, еӊ алдымен уранды экспортқа бағыттап қазумен байланысты.

2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу өнім көлемі 156 млрд. теӊгеге орындалса, нақты көлем индексі 102,3 пайыз. 2012 жылдыӊ қорытындысымен салыстырғанда 80 пайызға артқан. 2015 жылдыӊ 10-айында кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу өнімі көлемі 147,6 млрд. теӊгені құрап отыр. 2016 жылы 156,7 млрд. теӊгеніӊ өнімі өндірілуі немесе өнімініӊ нақты көлем индексі - 107% құраса, бұл көрсеткіш 2020 жылы 193,9 млрд. теӊгеге немесе 109% орындалуы жоспарлануда.

Өӊдеу өнеркәсібі

Өндіріс көлемініӊ барынша арту динамикасына азық-түлік өндірісі, металлургия, химия өнеркәсібі және өзге де минералды өнім өндірісіндегі өнім шығарудыӊ ұлғаюы ықпал етті.

2014 жылы өӊдеу өнеркәсібініӊ кәсіпорындары 47,9 млрд. теӊге сомасына теӊ өнім өндірді (2012 жылы - 1,9 есеге артқан). 2012-2014 жж. өӊдеу өнеркәсібініӊ физикалық көлем индексініӊ динамикасы жағымды болды, тиісінше 88,1% және 101,8% құрады немесе 3 жыл ішінде НКИ 13,7%-ға өсті. Аудандағы өнеркәсіп құрылымындағы өӊдеуші өнеркәсіптіӊ үлесі 22,5%-ды құрады (2012 жылы - 18,6%).

Облыстағы барлық өӊдеу өнеркәсібі кәсіпорындарыныӊ Созақ ауданында 11,6% шоғырланған.

2016 жылы 40,1 млрд. теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, 2015 жылмен салыстырғанда өнімніӊ нақты көлем индексі - 104% құрайды деп жоспарланса. 2020 жылы сала өнімін өндіру көлемініӊ нақты көлем индексін - 108%-ға жеткізу көзделген.

Тамақ өнімдерін өндіру

Тамақ өнеркәсібін өӊдеу көлемі 2012 жылы 906,7 млн. теӊгеден 2014 жылы 625 млн. теӊгеге дейін төмендеген. Нақты көлем индексі 2012 жылы 75,3%-дан 2014 жылы 100,3%-ға дейін өскен.

Өӊірдіӊ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және импорттық өнімдерді табиғи жергілікті өндірістердіӊ өнімдерімен алмастыру есебінен тамақ өнімдерін өндіру көлемін арттыру жоспарлануда. Өӊірлік индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 233 млн. теӊгені құрайтын 2 жобаны іске қосу жоспарлануда. 1 "Дархан Ас" ӨК-ніӊ ас тұзын өндіру зауыты, 2 "Тағай ата" ЖШС-ніӊ иодталған ас тұзын және техникалық тұз шығаратын зауыты.

Металлургия өнеркәсібі

2016 жылы 39,5 млрд. теӊгеніӊ өнімін өндіру күтілсе, 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті 50,4 млрд. теӊгеге жеткізу жоспарлануда. Өӊірлік индустрияландыру картасы аясында құны 18 500 млн. теӊгені құрайтын жобаны 2017 жылы іске қосу жоспарлануда. Атап айтсақ "Теріскей" ЖШС "Асыл металлдар өндіру" зауыты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны