11.11.2016, 19:02 5049

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында 28 елдімекенніӊ бас жоспары жасалынды

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында 28 елді мекенніӊ бас жоспары жасалынды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шымкент. 11 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында 28 елді мекенніӊ бас жоспары жасалынды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жыл соӊына дейін қалған бір елді мекенніӊ бас жоспары бекітіледі деп күтілуде.

Созақ ауданы әкімдігі таратқан мәліметке сүйенсек, бүгінде аудан орталығыныӊ инфрақұрылымын заман талабына сай қайта жасау жұмыстары жүргізілуде. Шолаққорған ауылындағы Наурыз ықшамауданы мен Ақшам мөлтек аудандарына жаӊадан инфрақұрылым жасақталса, Жеткіншек ықшамауданыныӊ жаӊа инфрақұрылымыныӊ құрылысы да қарқын алған.

Тәуелсіздік алғалы бері Созақта 206,6 мыӊ шаршы метрді құрайтын 4000-ға жуық жеке тұрғын үй салынды. Қазіргі таӊда аудандағы отбасылар саны 13 350-ге, ал, тұрғын үй саны 11 825-ке жеткен. Жалпы Созақ ауданында 2005-2016 жылдар аралығында 15 млрд. теӊгеге 154 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, 20 типтік орта мектеп, 2 мектепке дейінгі жалпы білім беретін мекеме, 7 балабақша, 28 тұрғын үй, 20 - денсаулық сақтау нысаны және өзге де нысандар ел игілігіне берілген. Жоғарыда сөз болған бас жоспарлар арқылы да көптеген әлеуметтік нысандардыӊ орналасу тәртібі бекітіліп, инфрақұрылым жақсара түспек. Ал, Тәуелсіздік мерекесі қарсаӊында аудан тұрғындарына 50 жаӊа баспананыӊ кілті тапсырылмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны