27.10.2016, 14:12 4802

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында орташа айлық жалақы 187971 теӊгеге жетті

Уран өндірісі дамыған ауданда 2002 жылы кедейшілік деӊгейі 9,1 пайызды құраса, 2016 жылы ол 6 пайызды құрап, 3,1 пайызға төмендеген.

Шымкент. 27 қазан. Kazakhstan Today - Созақ ауданында орташа айлық жалақы 2016 жылы 187 971 теӊгеге жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Осы аудан әкімдігініӊ баспасөз қызметініӊ мәлімдеуінше, жалақы жыл сайын 1,1 пайызға өсуде. Жұмыссыздық деӊгейі бүгінгі күнге 5,2 пайызды құрап, жылма-жыл ауданныӊ 0,1 пайызға төмендеуде. Бұл жұмыссыздықпен күрес бағытында атқарылған жұмыстардыӊ нәтижесі.

Ауданда "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы - 2020" бағдарламасы шеӊберінде 2011 жылы 1410 жаӊа жұмыс орны ашылса, қазіргі таӊда 2343 жаӊа жұмыс орындары ашылып, көлемі 1,7 есеге өсіп отыр.

Созақтықтардыӊ басым бөлігі бюджеттік мекемелерде және уран өндірісі кәсіпорындарында жұмыс істейді. Оларды ауыл шаруашылығына тарту мәселесі де күн тәртібінен түскен емес.

Қоғамныӊ әлсіз топ мүшелеріне әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында ауданда мүгедектер қоғамдық бірлестігі құрылды. Оларға аудан әкімдігініӊ көмегімен Шолаққорған ауылынан 2 қабатты ғимарат сатып алынып берілді. Бұл орталыққа жаны жомарт демеушілер 12 тігін машинасын, 1 қолғап станогын және басқа да құралдар-жабдықтарды сыйлады. Нәтижесінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Оныӊ ішінде тоғызы - мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

Уран өндірісі дамыған ауданда 2002 жылы кедейшілік деӊгейі 9,1 пайызды құраса, 2016 жылы ол 6 пайызды құрап, 3,1 пайызға төмендеген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны