19.10.2016, 19:36 4451

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында Тәуелсіздіктіӊ 25 жылында ауданға тартылған инвестиция 23 млрд. 642 млн. теӊгеге жетті

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында өнеркәсіп өнімініӊ көлемі ширек ғасырда 283 есеге өскен. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тәуелсіздік жетістіктерін баяндаған Созақ ауданыныӊ әкімі Мақсат Исаев мәлімдеді.

Шымкент. 19 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында өнеркәсіп өнімініӊ көлемі ширек ғасырда 283 есеге өскен. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тәуелсіздік жетістіктерін баяндаған Созақ ауданыныӊ әкімі Мақсат Исаев мәлімдеді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Оныӊ айтуынша, Тәуелсіздік алған 1991 жылы ауданда халық саны 45 мыӊ 400 адамды құраса, бүгінде бұл 61 мыӊ 337 адамға жетіп, 16 мыӊға өскен. Ал осы жылдар ішінде ауданныӊ жалпы өӊірлік өнімі 1,5 млрд-дан 214 млрд. теӊгеге жетіп,139 есеге өскен. "Тәуелсіздігімізді алған 25 жылда еліміз Елбасыныӊ сарабдал саясатыныӊ арқасында өркендеп, көркейді. Соныӊ ішінде Созақ ауданында да 25 жылда атқарылған ауқымды жұмыстар көп. Осы жүйелі жұмыстардыӊ арқасында ауданға тартылған инвестиция көлемі ширек ғасырда 23 млрд. 642 млн. теӊгеге жетіп, 576 есеге өскен. Сонымен қатар, өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 1995 жылы 708,1 млн теӊге болса, 2016 жылы 200,4 млрд. теӊгеге жетіп, 283 есеге өскен",-деді аудан әкімі.

Брифингте мәлім болғандай бүгінде аудан көлемінде құрылыстық, өндірістік және тау- кен өндірісінде қызмет көрсету бағытындағы бірқатар ірі кәсіпорындар жұмыс атқарып келеді. Жоғарыда аталған өнеркәсіптік кәсіпорындардыӊ жігерлі жұмыстарыныӊ арқасында өнеркәсіп өнім көлемі артып келеді. Сонымен қатар, аудан өнеркәсібі тек ғана уран өндіруші кәсіпорындарына тәуелді болып қалмау мақсатында Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін ауданныӊ индустриялық аймағы құрылды. ИА жалпы құны 866,6 млн. теӊгені құрайтын 4 жоба іска қосылса, алдағы уақытта жалпы құны 5 550 млн. теӊгені құрайтын 1 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұдан бөлек ауданныӊ Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 18 583 млн. тг. құрайтын 2 жоба жүзеге аспақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны