28.10.2016, 16:20 4807

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Түлкібас ауданында жаӊа кәсіпорын ашылды

2016 жылдыӊ 9 айыныӊ қорытындысы бойынша ауданда 1 ірі, 6 орта, 21 кіші және 4 қосалқы, барлығы 32 кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Шымкент. 28 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Түлкібас ауданында жаӊа кәсіпорын ашылды,- деп хабарлайды KazakhstanToday.

Инвестициялық жоба арқылы қаржыландырылып, пайдалануға берілген"Бәйтерек - 4" ЖШС-ніӊ консерві өнім шығаратын цехыныӊ өнімдеріне қазірдіӊ өзінде сұраныс жоғары.

Цех басшылығыныӊ айтуынша, көкөніс пен бақша өнімдерін аудандағы шаруа қожалықтарынан және жеке кәсіпкерлерден келісімшартпен алады. Бұл екі жаққа да тиімді жоба болып отыр. Себебі, дихандар өніміне алушыны алыстан іздемей, осында әкеледі. Өз жұмысын дөӊгелетіп отырған "Бәйтерек - 4" ЖШС бүгінде 40 адам еӊбек етуде. Олардыӊ шығарған өнімдеріне қазіргі таӊда қызығушылық танытып отырған кәсіпорындар баршылық.

Жалпы Түлкібас ауданныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. 2016 жылдыӊ 9 айыныӊ қорытындысы бойынша ауданда 1 ірі, 6 орта, 21 кіші және 4 қосалқы, барлығы 32 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оныӊ ішінде 21-і жыл бойы белсенді жұмыс атқарса, 11-і маусымдық кәсіпорындар. Түлкібас ауданы бойынша жыл басынан бері 9 айда 12 млрд. 76 млн теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, табыс 340 млн. теӊгеге артты. Ал нақты көлем индексі 102,9 пайызды құрап отыр.

Бүгінде, облыста 7 индустриялық аймақ табысты жұмыс істеуде (Шымкент, Кентау, Түркістан, Созақ, Түлкібас, Мақтаарал, Казығұрт). Сонымен қатар, 4 индустриялық аймақтыӊ инфрақұрылымдарыныӊ құрылысы жүргізілуде.

"Жалпы индустриялық аймақтарда 52 жоба іске асырылып, 4 025 жұмыс орны құрылды.

"Индустриялық -инновациалық даму" бағдарламасы аясында 27 млрд. теӊгеге 16 жобаны іске қосып, 845 жұмыс орнын құру жоспарланса, жыл басынан 2 жоба іске қосылып, 74 жұмыс орны ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны