08.11.2016, 15:23 4795

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Түлкібас ауданындағы индустриялық аймақта жалпы құны 3 млрд. 709 млн. теӊге болатын 6 жоба жүзеге асырылады

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Түлкібас ауданындағы индустриялық аймақта жалпы құны 3 млрд. 709 млн. теӊге болатын 6 жоба жүзеге асырылады. Құрылысы осы айда басталатын зауыттар іске қосылған кезде жаӊадан 284 жұмыс орны ашылатын болады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 8 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Түлкібас ауданындағы индустриялық аймақта жалпы құны 3 млрд. 709 млн. теӊге болатын 6 жоба жүзеге асырылады. Құрылысы осы айда басталатын зауыттар іске қосылған кезде жаӊадан 284 жұмыс орны ашылатын болады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жобалардыӊ негізгі бағыты ауданныӊ табиғи ерекшелігін ескере отырып, тамақ өнімдерін өндіру. Яғни, жеміс-жидек көкөністерді өӊдеп, табиғи шырын шығару және ет өнімдерінен шұжық тағы басқа өнімдер шығарылатын болады.

Аудан басшысы И.Тұрғымбеков аталған жобаларды жүзеге асырушы кәсіпкерлермен кездесіп, келісім шартқа қол қойды.

Кездесуде кәсіпорындарға қажетті шикізатпен қамтамасыз ету үшін ауданда бау бақшалар, мал шаруашылығы саласында кооперативтер құрылатыны айтылды. Сонымен қатар, аудан әкімі алдағы уақытта индустриялық аймақта тағы да 9 жоба іске асатынын мәлімдеді.

Жалпы жер көлемі 50 гектарды құрайтын индустриялық аймақтыӊ инфрақұрылым жұмыстары өткен жылы толық аяқталған.

Аудан аумағындағы өнім өндірудіӊ негізгі үлесі: "ЭкоПродуктГрупп" АҚ, "Түлкібас әк зауыты" ЖШС, "Састөбе цемент" ЖШС, "Түлкібас мелькомбинаты" ЖШС, "Авеню" ЖШС, "Балықты кірпіші" ЖШС кәсіпорындарына тиесілі. Шағын және орта бизнес саласында заӊды тұлғалар 616, жеке кәсіпкерлер 5510 және 3343 шаруа қожалық тіркеліп, жұмыстар жүргізуде. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде ауданныӊ жері өте қолайлы.

Ауданда білім беру мекемелерініӊ жалпы саны- 57. Денсаулық сақтау мекемелерінен 1 аудандық аурухана, 2 аудандық емхана, 21 фельдшерлік-акушерлік тірек және 40 медициналық тірек, "Ақсу-Жабағылы", "Ақбұлақ" және "Балықты санаториялары", "Тері венерологиялық және өкпе құрт диспансері" бар.

2016 жылдыӊ 8 айыныӊ қорытындысымен өнеркәсіп кәсіпорындары - 10 578,0 млн. теӊгеніӊ өнімін өндірді. Бұл көрсеткіш өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 102,7 пайызды құрап отыр.

2016 жылдыӊ 8 айыныӊ қорытындысымен жүргізілген түгендеу жұмыстарыныӊ қорытындысы бойынша ауданда 1 ірі, 6 орта, 21 кіші және 4 қосалқы барлығы 32 кәсіпорын жұмыс атқаруда. Оныӊ ішінде белсенді жұмыс атқаратыны - 21, мезгілді жұмыс атқаратыны - 10. Бір мекеме Түлкібас поселкесіндегі (бұрынғы "Эко Продукт Груп" АҚ тиесілі) консерві зауыты сот шешімімен банкрот деп танылуына байланысты жұмысын тоқтатқан.

1. Индустрияландыру картасы бойынша:

1.1. Индустрияландыру картасы шеӊберінде іске қосылған жобалардыӊ жобалық қуаттылығына шығу кестесініӊ орындалуын қамтамасыз ету.

"Арсен Ас" ЖШС-ніӊ "күйдірілген кірпіш шығару зауытын іске қосу" жобасы. Жобаныӊ жалпы құны 650,0 млн. теӊге. 21 адамға жаӊа жұмыс орны ашылады. Нысан 2016 жылы іске қосылады деп жоспарлануда.

1.2. Жыл соӊына дейін жалпы сомасы 900,0 млн. теӊгеден асатын кемінде 3 жобаны қаржыландыру Индустрияландыру картасына ұсынылды.

"Еӊбекші 2016" ЖШС бидайды тереӊ өӊдеу кәсіпорны АҮК мақұлданды. Жалпы құны 2 664,0 млн. теӊге.

"Кентау" ЖШС концентрат және табиғи сусындар өндіру цехі АҮК мақұлданды. Жалпы құны 530,0 млн.тенге.

"Ет өнімдері KZ" ЖШС құрама жем өндіру базасы АҮК ұсынылды. Жалпы құны 709,6 млн. тенге.

2. "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдаудыӊ және дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы бойынша:

2016 жылы "Бизнестіӊ жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша 10 жобаныӊ қаржыландыру, оныӊ ішінде:

Бірінші бағыт бойынша банк несиелерін субсидиялау - 2 жоба ұсынылып

ЖК "Тилебалды" 10,0 млн. және ЖК "Избасарова" 13,0 млн. теӊге берілді.

гранттық қаржыландыру бойынша - 1 жоба ЖК "Жалын" (үнемді жылу газ қазандықтары) 3,0 млн. теӊге алды.

Екінші бағыт бойынша қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету - барлығы 3 жоба ұсынылды, оныӊ ішінде:

1 жоба "Еӊбекші 2016" ЖШС бидайды тереӊ өӊдеу кәсіпорны жалпы құны 2 664 млн. теӊге. Аймақтық Үйлестіру Кеӊесінде мақұлданды.

2 жоба ("Нұрлыхан" ШҚ (С.Сихымбаев) саумалмен емдеу сауықтыру кешені және "Али Мансұр" ЖШС сүт өнімдерін өӊдеу) Аймақтық Үйлестіру Кеӊесінде қаралуында.

Үшінші бағыт бойынша - экспорттаушы кәсіпорындардыӊ банк несиелерін субсидиялау - 1 жоба бойынша экспорттаушы кәсіпорын "Түлкібас әк зауыты" ЖШС банк несиелерін субсидиялауға құжаттары әзірленуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны