27.10.2016, 14:17 5024

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Түркістан қаласында 2 кәсіпорын ашылды

Кеше Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Түркістан қаласында ауыл-шаруашылық дақылдарын қайта өӊдеу кооперативі іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шымкент. 27 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Түркістан қаласында ауыл-шаруашылық дақылдарын қайта өӊдеу кооперативі іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ораӊғай ауылдық округіндегі "Ил-береке" кәсіпорныныӊ ашылу салтанатына қала әкімі Иліпбек Өсербаев қатысып, жаӊа кәсіпорынныӊ жұмысына сәттілік тіледі.

Жеке кәсіпкер Ибдірайым Сүлейменов басқаратын кәсіпорында қызанақ, қияр, асқабақ, жеміс-жидектер шырыны дайындалады. Консервіленген тағамдар алдымен қала, кейін облыс нарығына шығарылады деп күтілуде. "Ил-Береке" шаруашылық кооперативінде 38 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Ал, консервілеуге қажетті көкөніс пен жеміс-жидек Түркістанныӊ маӊайындағы ауыл-аймақтардағы шаруалардан сатып алынады.

Бұған дейін Қала күні мерекесіне орай Түркістандағы индустриялық аймақта соӊғы үлгідегі сәнді жиһаз жасайтын "Grand mix" жиһаз цехыныӊ жаӊа өндіріс орны жұмысын бастаған болатын. Бұл цех жылына шифоньерлер, асхана, жатын бөлме және бұрыштамаларға қажетті жиһаздыӊ 24 мыӊ данасын шығаруға қабілетті. Бұл жобаныӊ құны 200 млн. теӊгені құрап, 30 адам жұмыспен қамтылды. Келесі жылы жұмысшылар саны 60-қа жетеді деп жоспарлануда. Бүгінде Түркістанныӊ шеберлерініӊ қолынан шыққан жиһаздар Қазақстанныӊ 14 облысына сатылымға жіберілуде.

Бүгінде, облыста 7 индустриялық аймақ табысты жұмыс істеуде (Шымкент, Кентау, Түркістан, Созақ, Түлкібас, Мақтаарал, Казығұрт). Сонымен қатар, 4 индустриялық аймақтыӊ инфрақұрылымдарыныӊ құрылысы жүргізілуде.

"Жалпы индустриялық аймақтарда 52 жоба іске асырылып, 4 025 жұмыс орны құрылды.

"Индустриялық -инновациалық даму" бағдарламасы аясында 27 млрд. теӊгеге 16 жобаны іске қосып, 845 жұмыс орнын құру жоспарланса, жыл басынан 2 жоба іске қосылып, 74 жұмыс орны ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны