13.09.2016, 13:31 3688

Оӊтүстік Қазақстанныӊ диқандары 1000 тоннаға жуық бақша өнімдерін жинады

Облыста бүгінгі күнге дейін 866 мыӊ тонна көкөніс, 991 мыӊ тонна бақша, 181 мыӊ тонна картоп жиналды.

Шымкент. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ барлық егіс көлемі өткен жылдан 12,8 мыӊ гектарға артып, 788,6 мыӊ га құрап отыр.

Осы жылы облыс дихандары астық өсіруде озық технологияларды, оныӊ ішінде тереӊ қопсыту әдісін қолдана отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізді, деп хабарлады ОҚО облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Мәселен, диқандар 214,4 мыӊ га жерге масақты дәнді дақылдар егіп, оныӊ әр гектарынан 22 центнерден (2015 ж -17,8 ц/га), барлығы 470 мыӊ тонна өнім жинаған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 123 мыӊ тоннаға артық. Айта кетейік, биыл шаруалар жалпы дәнді дақылдардан 660 мыӊ тонна өнім жинауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, облыста бүгінгі күнге дейін 866 мыӊ тонна көкөніс, 991 мыӊ тонна бақша, 181 мыӊ тонна картоп жиналды. Аграрлы аймақтыӊ тұрғындары жалпы биыл 125 мыӊ тонна жеміс-жидек және 73 мыӊ тонна жүзім жинауды көздеп отыр. Бүгінге к.нге дейін олар 47,6 мыӊ тонна жеміс, 23,2 мыӊ тонна жүзім жинаған.

Жиын-терім жұмыстарымен қатар, мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шаруалар қәзірге жоспарлаған 3484,4 мыӊ тоннаныӊ 3747 мыӊ тоннасын (108%) дайындап үлгерген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны