01.09.2006, 14:17 3044

Оңтүстік Корея мен Қазақстан 2006-жылдың аяғына дейін Каспий теңізіндегі Жамбыл блогын бірлесіп игеру туралы келісімге қол қояды

АСТАНА. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Корея мен Қазақстан 2006-жылдың аяғына дейін Каспий теңізіндегі Жамбыл блогын бірлесіп игеру туралы келісімге қол қояды. Осы жөніндегі уағдаластыққа энергетика және минералды ресурстар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан- Корея бірлескен комитетінің үшінші отырысында қол жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бірлескен комитеттің Қазақстан жағының тең төрағасы, еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың баспасөз мәслихаты барысында хабарлауынша, "егер бұл блокта мұнай табылған жағдайда Корея жағы ҚазМұнайГаз-бен бірлесіп бұл кенішті игеретін болады".

Кореяның коммерция, индустрия және энергетика министрі Чон Се Кеннің айтуынша, бұл келісім Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты тереңдетуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге отырыс барысында "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ мен Кореяның "Каспий мұнай келісім-шарты" консорциумы арасында "Жамбыл" блогы бойынша хаттама" мен "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК мен KOPEC және KHNP арасындағы уран кені концентраттары саудасы жөніндегі негізгі келісім мен ""Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК мен KHNP арасындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі бір уран кенішін игеру жобасын дайындау принциптері мен жүзеге асыру жөніндегі" келісімге қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны