18.07.2008, 16:34 1414

"Оңтүстік" ИКК жеміс-көкөніс өнімдерінің көтерме-бөлшек сауда орталықтарының желісін қалыптастыруда

"Оңтүстік" ИКК жеміс-көкөніс өнімдерінің көтерме-бөлшек сауда орталықтарының желісін қалыптастыруда

Шымкент. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ Қазақстанның әрқилы өңірлерінде жеміс-көкөніс өнімдерінің көтерме-бөлшек сауда орталықтарының желісін ашып жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Оңтүстік" ИКК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Делдалдық тізбекті жойып, өндірушіден тұтынушыға дейінгі ашық тізбекті қалыптастыру үшін ИКК Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының 31 ауданының әрқайсысында сервистік дайындау орталықтарын және көлік-логистикалық инфрақұрылымын құрады. Қазірдің өзінде оның еншілес компаниясы "Оңтүстік" агрохолдингі" ЖШС "Газель" және "КамАЗ" маркалы 13 көлік сатып алған. Егер көлік шығындары өнім құнының 40 пайызына дейін жететінін есептесек, корпорацияның шаруалардан сатып алған және өз көліктерімен жеткізген дәруменді өнімі сату орындарына дейін нарықтық бағадан төмен бағамен келеді", - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны