24.12.2012, 15:32 3133

ОПЕК мұнай бағасына байланысты жедел жиналыс өткізеді

"Болжамдарға сәйкес, 2013 жылы бір баррель үшін мұнай бағасы 100 доллардан асады. Дегенмен, егер бағалар 100 доллардан төмендесе, ОПЕК өндіріс көлемін қысқарту үшін жедел жиналыс өткізеді", - деген Гасемидің сөзін Shana агенттігі келтірді.

Тегеран. 24-желтоқсан. Kazakhstan Today - ОПЕК мұнай бағасы 100 АҚШ долларынан төмендеген жағдайда кезектен тыс отырыс өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Иранның мұнай министрі Ростам Гасеми мәлімдеді.

"Болжамдарға сәйкес, 2013 жылы бір баррель үшін мұнай бағасы 100 доллардан асады. Дегенмен, егер бағалар 100 доллардан төмендесе, ОПЕК өндіріс көлемін қысқарту үшін жедел жиналыс өткізеді", - деген Гасемидің сөзін Shana агенттігі келтірді.

ОПЕК министрлерінің 162-ші тұрақты кездесуі кезінде Венада сәрсенбі күні мүше мемлекеттер мұнай өндіру көлемін тәулігіне 30 млн баррель деңгейінде қалдыруға келісті, деп хабарлады Trend.

ОПЕК құрамына 12 мемлекет, атап айтсақ Алжир, Ангола, Венесуэла, Ирак, Иран, Катар, Кувейт, Ливия, Нигерия, БАИ, Сауд Арабиясы және Эквадор кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны