04.11.2019, 16:33 11016

Қорғас кеден бекетінде декларацияланбаған ақша қаражаты ұсталды

Қазіргі уақытта кінәлі тұлғалар ӘҚБтК-нің 551-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды.

Нұр-Сұлтан. 4 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде белгіленген нысанда декларацияланбаған ақша қаражатын ұстады.

2019 жылдың 04 қарашасында Алматы облысы бойынша МКД "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ 2088 ә/б және Алматы облысы бойынша ДЭР қызметкерлерімен бірлесіп "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде ҚР-дан ҚХР-ға шығу кезінде ұстады:

-ҚР азаматы қол жүгінде белгіленген нысанда декларацияланбаған 4 000 000 тенге ақша қаражатын алып өтпек болды (04.11.2019 жылғы жағдай бойынша ҚР Ұлттық Банкінің ресми бағамы 1 АҚШ доллары 389 теңге 46тиын, жалпы сомасы 10 271 АҚШ долларын құрады).

-ҚР азаматшасы қол жүгінде белгіленген нысанда декларацияланбаған 5 154 000 тенгеақша қаражатын алып өтпек болды (04.11.2019 жылғы жағдай бойынша ҚР Ұлттық Банкінің ресми бағамы 1 АҚШ доллары 389 теңге 46 тиын, жалпы сомасы 13 234АҚШ долларын құрады).

Қазіргі уақытта кінәлі тұлғалар ӘҚБтК-нің 551-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге саламыз, жеке тұлғалар кедендік декларациялаусыз қолма-қол шетел және ұлттық валютаны (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін жалпы сомадағы10 мың АҚШ долларына тең немесе одан аспайтын әкелуге немесе әкетуге құқылы.

10 мың АҚШ долларынан асатын сома, ЕАЭО елдері кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа жүзеге асырылатын әкелу немесе әкету жағдайларын қоспағанда, міндетті кедендік декларациялауға жатады.

Кедендік декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі мен мақсаты туралы мәліметтерді көрсете отырып, барлық сомаға жазбаша нысанда кедендік декларацияны беру арқылы жүзеге асырылады.

Алматы облысы бойынша МКД

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны