02.07.2020, 19:49 5521

Орал қаласының тұтынушыларына жылу үшін 15 млн.теңгеге жуық соманы қайта есептейді

Алдағы жылыту маусымында жылумен қамтамасыз ету қызметтері үшін төлемді тұтынушының тұрғын үй алаңына байланысты "қайта есептеу" түбіртегінде жеке жолмен жүзеге асырады.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan Today - Орал қаласының тұтынушыларына жылу үшін 15 млн.теңгеге жуық соманы қайта есептейді.

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жылу беруші "Жайықжылуқуат" АҚ-ы 2019-2020 жылдардағы жылу беру кезеңінде сыртқы ауаның нақты температурасын есепке ала отырып, жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеуді жүргізуге міндетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің есептеріне сәйкес, жылуды есептеу құралдары жоқ тұтынушыларға қайтару сомасы ҚҚС есебімен 14 940 000 теңгені немесе жылытылатын алаңның 1 м2 үшін 24,90 теңгені құрады.

Алдағы жылыту маусымында жылумен қамтамасыз ету қызметтері үшін төлемді тұтынушының тұрғын үй алаңына байланысты "қайта есептеу" түбіртегінде жеке жолмен жүзеге асырады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны