13.12.2013, 20:55 3031

Оралда "Бизнестің жол картасы-2020" бойынша үнемді автобустар алынды

ПАЗ 3204 маркалы үлкен сыйымдылықтағы жайлы автобустар "Жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында "Даму" қорының қолдауымен сатып алынды. "Cummins" маркалы техникалар EURO-4 экологиялық қауіпсіздігіне сәйкес келеді. Бұл автобустар 60 адамды тасымалдауға мүмкіндік береді.

Алматы. 13 желтоқсан. Kazakhstan today. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 13 желтоқсанда қазіргі заманға сай ПАЗ-320412-05 маркалы 10 жаңа автобустың кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды "BNews.kz" агенттігі.

"Салтанатты жиынға Орал қаласы әкімінің орынбасары Қ.Елубаев қатысып, автобустардың кілтін табыс етті", - делінген хабарламада.

ПАЗ 3204 маркалы үлкен сыйымдылықтағы жайлы автобустар "Жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында "Даму" қорының қолдауымен сатып алынды. "Cummins" маркалы техникалар EURO-4 экологиялық қауіпсіздігіне сәйкес келеді. Бұл автобустар 60 адамды тасымалдауға мүмкіндік береді.

Ғылым мен техниканың дамыған заманына сай барлығына да GPS спутниктік бақылау жүйесі қойылған, соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған көліктер халыққа қолайлы қызмет көрсетеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны