05.02.2014, 20:58 12904

Оралда кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің жаңа жобасы ашылды

Оралда қала әкімдігі жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бастамасымен шағын және орта бизнес субъектілеріне жер телімдерін беру кезінде әкімшілік кедергілерді азайту мен жою бойынша жаңа қанатқақты жоба іске қосылды.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. Оралда қала әкімдігі жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бастамасымен шағын және орта бизнес субъектілеріне жер телімдерін беру кезінде әкімшілік кедергілерді азайту мен жою бойынша жаңа қанатқақты жоба іске қосылды.

Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, жоба аясында 4 ақпаннан бастап әр сейсенбі сайын "Даму" КҚҚ өңірлік бөлімшесінің кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында "бір терезе" ұстанымымен жеке және заңды тұлғалардың өтінішіне 12 мемлекеттік органдар мамандарының бірыңғай келісім беруі жүргізіледі.

Аталмыш жобаның жүзеге асырылуы әкімдіктің құрылымдық бөлімдеріне келіп түскен өтініштердің терең сараптамасы мен мемлекеттік қызмет көрсету процедурасына негізделген. Байқағанымыздай, бәрінен бұрын олардың көбі жер бөліміне бағытталған және құзіретті органның келісімін алуды көздейді. Аталмыш қызмет түрі Оралдағы кәсіпкерліктің дамуына кедергісін келтіріп тұрған процедураның бірі.

Орал қаласы әкімі Алтай Күлгіновтың шешімін нақтылау үшін "Даму" КҚҚ өңірлік бөлімшесінің директоры Илия Салиева мен БҚО кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Нұрлан Кайыршин таныстырылған жобаны жүзеге асыруда әріптестік құру туралы меморандумға қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазақстандық жол-2050": Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлерге қолдау көрсету керектігін баса айтты. Оның айтуынша, мемлекет жұмысының негізі қазақстандық бизнеске, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына елімізде қолайлы жағдай қалыптастыру.

"Қазақстанның ХХI ғасырда индустриялық және әлеуметтік дамуының басты құралы шағын және орта бизнесті дамыту. Менің бұл ұстанымым баршаңызға белгілі және бұл туралы мен әрқашан айтып жүремін. Егер, біздің экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артатын болса, Қазақстанның дамуы тұрақты болады. Бізде 800 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істесе, оларды 2,4 миллион қазақстандық нәпақасын табуда. Жаһандық рейтингке сәйкес Қазақстан бизнес үшін қолайлы мемлекеттер қатарына кіреді және осы тенденцияны біз одан әрі өсіруіміз керек. Шағын және орта бизнес біздің қоғамның жалпы еңбегінің берік экономикалық негізі", - деп ҚР Президенті Н.Назарбаев атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны