19.11.2012, 17:46 3149

Оралда қоқыс тасымалдау көлігі мен еуроконтейнерлер шығарылады

"Оралагрореммаш" АҚ арнайы техника шығаруға мамандандырылған. Кәсіпорында өрт сөндіру көліктері, су тасымалдаушы және коммуналдық көліктер құрастырылады. Жаңа қоқыс тасымалдаушы көлік ресейлік "КАМАЗ" көлігінің шоссиі негізінде құрастырылды.

Орал. 19-қараша. Kazakhstan Today - "Оралагрореммаш" АҚ қоқыс тасымалдаушы көліктің алғашқы нұсқасын шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, зауыт сондай-ақ қоқысқа арналған еуроконтейнерлер шығара бастады.

"Оралагрореммаш" АҚ арнайы техника шығаруға мамандандырылған. Кәсіпорында өрт сөндіру көліктері, су тасымалдаушы және коммуналдық көліктер құрастырылады. Жаңа қоқыс тасымалдаушы көлік ресейлік "КАМАЗ" көлігінің шоссиі негізінде құрастырылды.

Зауыт "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша жұмыс істейді.

"Жаңа көліктің сыйымдылығы 16 текше метр қоқысқа тең. Пресстеу арқылы 90 шекше метр қоқысты сығымдауға болады. Ирі қоқысты салар кезде ол төгілік-шашылмайды. Жақын күндері зауытта тағы 20 техника құрастырылады деп жосрапланған", дейді зауыттың вице-президенті Азамат Бисенов.

"Оралагрореммаш" АҚ еуроконтейнерлерді де шығаратын болды. Қазіргі таңда Оралда жасалған контейнерлер Астана мен Алматы қаласына жеткізіліпті. Ал Орал қаласында жақын күндері қолданысқа берілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны