Система Orphus

Оралда монополист компанияның заңсыз әрекеті анықталды

21.08.2019, 14:38 77680
Оралда монополист компанияның заңсыз әрекеті анықталды

Орал. 21 тамыз. Kazakhstan Today - Орал. 21 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментіне Орал қаласының тұрғыны Муслима Исказева жеке тұлғалар үшін есептегіш құралдарды пломбалау қызметінің құны жоғарылай түскенін айтып шағымданған.

Фейсбук әлеуметтік желісіндегі өз жазбасында ол "пломба бағасы бірнеше еселеп өскенін, біреуінің құны қазір 955 теңгеге жеткенін" айта келе, "Батыс Су Арнасы" компаниясына назар аударуды сұраған.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті бұл жайттың егжей-тегжейін зерттеу барысында "Батыс Су Арнасы" ЖШС-іне сұрату жолдап, барлық дәлел құжаттарын қоса отырып, жеке тұлғалар үшін есептегіш құралдарды пломбалау қызметінің құны көтерілуіне қатысты жазбаша түрде түсініктеме беруді сұраған болатын.

"Батыс Су Арнасы" ЖШС-нің департаментке жолдаған жауабына сүйенетін болсақ, "бақылаушылардың жалақы шығындарын қоса есептегенде, сондай-ақ, жыл сайынғы баға индексациясын ескергенде, 2017 жылғы 13 ақпан мен 2019 жылдың 16 шілдесі аралығында бір есептегіш құралды пломбалау құны 454 теңгені құраған. Алайда, 2019 жылдың 16 шілдесінен бастап шығындар бабының өзгеруіне байланысты бір есептегіш құралды пломбалау құны 955 теңгеге дейін көтерілді".

Бұл ретте мұндай өзгерістер туралы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің департаментімен арада келісілмеген.

"Батыс Су Арнасы" ЖШС-іне тиісті сұрату жолданғаннан кейін кәсіпорын қала тұрғындары үшін сумен қамтамасыз етудің әлеуметтік-экономикалық маңызын ескеру негізінде бір есептегіш құралды пломбалау құнын өсіру туралы шешімнің күшін жойып, оны бұрынғыдай 454 теңге мөлшерінде бекіту туралы шешім қабылдады.

Бағаны төмендету шешімі 2019 жылдың 9 тамызынан бастап күшіне енді.

Есептегіш құралды пломбалау құнын өсіру дерегі бойынша компанияға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

Осылайша, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тұрғындардан келіп түскен шағымдарға жедел жауап қату арқылы олардың заңды құқықтарын қорғап, қаладағы компаниялардың жұмысы барысында пайда болатын сыбайлас жемқорлық әрекеттердің тәуекелін жоюға жәрдемдесуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны