25.07.2014, 19:47 4474

Оралда өткен бос орындар жәрмеңкесінде 66 адам жұмыспен қамтылды

Аталған шараға 20 жұмыс беруші мекемелер мен кәсіпорындардан әр түрлі салалар мен "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша барлығы 300-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды.

Алматы. 25 шілде. Kazakhstan today. Оралда жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітірген түлектер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамту бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды, - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Аталған шараға 20 жұмыс беруші мекемелер мен кәсіпорындардан әр түрлі салалар мен "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша барлығы 300-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды.

Шараға қатысқан 380 жұмыс іздеуші жұмыс беруші мекемелер мен кәсіпорындар өкілдерімен жеке әнгімелесулер өткізіп, тиісті мамандықтар бойынша 282 түйіндеме қабылданды.

Жәрмеңке барысында Орал қалалық жұмыспен қамту және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының кеңесшілері "Жұмыспен қамту-2020", "Жастар тәжірибесі", "Кәсіби даярлау, қайта даярлау және қайта оқыту", "Илеуметтік жұмыс орындары", және "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламалары бойынша 73 қатысушыға толық ақпарат берді.

Жәрмеңкенің толықтай қорытындысы тамыз айының бірінші он күндігінде нақтыланады. Ал жәрмеңке барысында 66 жас тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны