23.05.2012, 13:07 3326

Өріктаудағы барлау ұңғымасында 2 айдан кейін бұрғылау жұмыстары басталады

Бұл туралы бүгін V Астана экономикалық форумы барысында компания басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Есқазиев хабарлады.

Астана. 23-мамыр. Kazakhstan Today - Өріктаудағы барлау ұңғымасында 2 айдан кейін бұрғылау жұмыстары басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін V Астана экономикалық форумы барысында компания басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Есқазиев хабарлады.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Өріктау кен орнында барлау ұңғымасына біз 6 мың метр тереңдікте алғашқы бұрғылау жұмыстарын бастауды жоспарлап жатырмыз. 2 айдан кейін ол жұмыстарды бастаймыз", - деп мәлім етті Қ. Есқазиев.

Өріктау - Ақтөбе облысында орналасқан мұнайгаз конденсаты кен орны.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны