01.06.2007, 17:10 3440

Орта Азия елдері жеміс-көкөніс өнімдерін өсіру, өңдеу және экспорттау мәселелері бойынша өзара тығыз ықпалдасуы керек

ШЫМКЕНТ. 1 - маусым. Kazakhstan Today. Орта Азия елдері жеміс-көкөніс өнімдерін өсіру, өңдеу және экспорттау мәселелері бойынша өзара тығыз ықпалдасуы керек. Бұл туралы бүгін KAZAGROFOOD - 2007 Орта Азия жеміс-көкөніс өнімдерінің форумында сөз сөйлеген Қазақстанның ауылшаруашылық министрі Ахметжан Есімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біздің аймақтағы әрбір ел өнімді сататын нарықты жеке-дара іздейді, дегенмен күшімізді біріктіре отырып, одан да пайдалы жолдарды табуға болар еді",- деді А. Есімов. Ол әзірге республикалардың арасындағы сауда-саттық көлемі көңіл көншітпейтіндігін атап өтті. Атап айтқанда, министрдің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанға Өзбекстаннан тасымалданатын көкөністер мен жемістердің үлесі небәрі 8,2 пайызды құрайды.

Сонымен қатар А. Есімов, жеміс-жидектер мен көкөніс өнімдерін өз елімізде өндіру көлемін арттыру қажет екендігін атап өтті. "Қазақстан - азық-түліктің барлық түрлерімен өзін-өзі қамсыздандыра алатын ел, бірақ біз өзімізді ерте көктейтін көкөністермен қамтамасыз етпейміз", - деп түсіндірді ол.

Ауылшаруашылық министрінің айтуынша, үстіміздегі жылы алғаш рет үкімет бағдарламасы аясында алғаш рет жүзімдіктер мен жеміс және көкөністер өсіретін плантацияларға субсидия бөлініп отыр. "Біз бұл дақылдарды отырғызып өсіруге деген қызығушылықты көріп отырмыз, сондықтан да бағдарлама бұл салалардың тиімді дамуы үшін, сонымен қатар, жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін өңдеу үшін одан әрі жалғасын табады", - деп қорытындылады А. Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны