14.04.2014, 19:19 8348

Орта Азияға тартылатын тікелей инвестицияның шамамен 85% Қазақстанға бағытталады- И.Исекешев

Орта Азияға тартылатын тікелей инвестицияның шамамен 85%-ы Қазақстанға бағытталады, деп мәлімдеді бүгін ҚР индустрия және жаңа технология министрі Исет Исекешев "Қазақстан-Бахрейн: стратегиялық әріптестік" бизнес-форумы барысында.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. Орта Азияға тартылатын тікелей инвестицияның шамамен 85%-ы Қазақстанға бағытталады, деп мәлімдеді бүгін ҚР индустрия және жаңа технология министрі Исет Исекешев "Қазақстан-Бахрейн: стратегиялық әріптестік" бизнес-форумы барысында.

"Қазақстан инвестициялық комитетке енеді. Біз инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасаудамыз. Орта Азияға тартылатын тікелей инвестицияның шамамен 85%-ы Қазақстанға бағытталады", - деп мәлімдеді И.Исекешев.

Айта кету керек, Kaznex Invest агенттігі Бахрейнмен біріккен компаниялардың кәсіпкерлік бастамасы үшін мемлекеттік органдарды қолдауды үйлестіретін болады.

"Біздің алдағы 5 жылдағы басым бағыт - метал өңдеу, металдан дайын бұйымдар жасау, машинақұрылысы, мұнай өңдеу, құрылыс материалдарын дайындау, азық-түлік өнеркәсібі", - дейді министр.

Сонымен қатар, Қазақстан туризм саласында да айтарлықтай бастамаларды қолға алуда.

"Біз Қазақстанның батысы, оңтүстігі мен солтүстігінде ірі жоаларды іске асырамыз. Осы тұрғыда біз арадағы әріптестік мәселесін талқылауға мүдделіміз", - деді И.Исекешев.

Оның айтуынша, ТМД мен Орта Азия елдеріне исламдық банкинг бойынша өңірлік хаб құру жоспарлануда.

"Біз сіздердің елдің ауыл шаруашылығы әлеуетін жоғары бағалаймыз.осы салада бірікенн кәсіпкерлік құрғымыз келеді. Екі елдің өзара тығыз қарым-қатынасы нәтижесі ретінде 1 трлн доллар көлеміне дейін алыс-беріс байланысын құруға мүмкіндігіміз бар. Ал алдағы уақытта аталмыш нарықты кеңейте түсіп, көрсеткішті төрт еселейтін боламыз", - деді Бахрейн Корольдігінің өнеркәсіп және сауда минисрі Хасан Абдулла Фахро.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны