12.06.2009, 14:04 2570

Орта мерзімді перспективада мемлекеттік компаниялар мен даму институттары экономикаға капитал тартудың басты арнасына айналады - Назарбаев

Орта мерзімді перспективада мемлекеттік компаниялар мен даму институттары экономикаға капитал тартудың басты арнасына айналады - Назарбаев

Қостанай. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Орта мерзімді перспективада мемлекеттік компаниялар мен даму институттары экономикаға капитал тартудың басты арнасына айналады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Ағымдағы жағдайда мемлекет пен мемлекеттің қатысуымен құрылған институттар қаржы нарығындағы шешуші ойыншыға айналуда. Орта мерзімді перспективада мемлекеттік компаниялар мен даму институттары экономикаға капитал тартудың басты арнасына айналады деп күту қажет", - деді Н. Назарбаев.

"Бір жағынан бұл маңызды әрі қажетті құрал, бірақ дейтұрғанмен, ол сонымен бірге квазимемлекеттік секторда тәуекелдердің шоғырлануына алып келетінін естен шығармау қажет", - деді президент.

Сол себепті, мемлекет басшысының пікірінше, "мемлекеттік компаниялар мен институттардың инвестициялық саясаты, олардың инвестициялық жоспарлары мен міндеттемелері дағдарыстан кейінгі экономикалық даму үшін аса маңызды екендігін ескере отырып, мемлекеттік бюджетпен сабақтастырыла қаралуға тиіс".

"Тартылатын ресурстар әртараптандыру мақсатына бағыттала отырып, жеке меншік іскерлік бастаманы жұмылдыруға тиіс. Нәтижесінде бізде мемлекеттік институттардың арнасымен капитал тарту мен таратудың алдағы болуы мүмкін тәуекелдерді ескеретін, ашық моделі болуға тиіс", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны