15.12.2006, 17:05 2986

Орталық Азия бизнес қоғамдастығының өкілдері аймақтағы автокөлік және теміржол тасымалы мәселелерін талқылады

АЛМАТЫ. 15-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін Орталық Азия бизнес қоғамдастығының өкілдері "дөңгелек үстел" барысында Орталық Азияның көлік дәліздері мониторингінің қорытындысын, сонымен қатар теміржол тасымалының даму келешегі мен өзекті мәселелерін талқылады деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның бизнес қоғамдастықтарының өкілдері Орталық Азиядағы сауда және көлік дәліздерінің 2006 жылғы жұмыс нәтижелерін бағалау жөніндегі зерттеу қорытындысын ортаға салды. "Дөңгелек үстелге" қатысушылардың ақпараттарына сүйенсек, зерттеу Орталық Азия мен Ресей бизнес-қауцымдастығы конгрессінің іс-шаралар жоспары аясындағы Орта Азиялық ассоциациялар тарапынан жүргізілген.

Іс-шараға қатысушылардың пікірінше зерттеуді жүзеге асыру аймақтағы көлік ағындарының қозғалысына кедергі келтіретін өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік туғызды. Исіресе, ҚР кәсіпкерлер форумының (ҚКФ) алматылық кеңсесінің директоры Мунавара Палташеваның сөзінше "ең өзекті мәселенің бірі - еліміздің барлық бақылау-қадағалау органдарының кеден органдарының қанатының астында отыруы" болып отыр. Бұл өз кезегінде кеден бекеттерінде ұзақ бөгелуге әкеп соқтырады. Оны кәсіпкерлер кеденшілердің тексеруі деп қабылдайды.

Қазақстан кәсіпкерлер форумының ақпаратына сүйенсек, кәсіпкерлер Орта Азия аймақтарындағы теміржол тасымалының өзекті мәселелерін анықтау бойынша ұқсас зерттеулер жүргізуді өтінген. Осыған байланысты форум мұндай зерттеуді келесі жылы да өткізуді жоспарлап отыр.

"Теміржол тасымалына байланысты өзекті мәселелер бізде "шаш етектен", - деді Қазақстан кәсіпкерлер форумының атқарушы директоры София Айсағалиева. "Бұл тек теміржолда жұмыс атқаратын құрылымдармен ғана емес, мемлекеттік органдармен, кеден және шекара қызметтерімен де өзара ықпалдастық мәселері. Қазір қызу талқыланып жатқан шойын жолдың енінің әртүрлілігі жөніндегі мәселе де бар", - деді ол.

"Дөңгелек үстелге" қатысушылардың ақпараттары бойынша зерттеу нәтижелері келісімге сәйкес ЕурАзЭҚ-қа жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны