04.03.2008, 17:44 3289

Орталық Азия елдері су-энергетика саласындағы төрт жақты келісімге қол қоюы қажет

Орталық Азия елдері су-энергетика саласындағы төрт жақты келісімге қол қоюы қажет

Бішкек. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Орталық Азия елдері су-энергетика саласындағы төрт жақты келісімге қол қоюы қажет. Бұл туралы Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрі Сапарбек Балқыбеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы көп жылдық көп жақты келісімдер елдер үшін су энергетикасы саласында кепілдікке айналады. Бұл барлық республикалар үшін тиімді", - деді С. Балқыбеков.

Министр сол арқылы Орталық Азия елдерін келісімге қол қоюға шақырды. Оның айтуынша, Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігі осы жылдың ақпан айында үш елдің салалық мекемелерінің өкілдерін алдағы келісімнің жайын талқылауға шақырды. Өзбекстан жағы одан бас тартты.

"Су таситын және су тапшылығы белең алатын қуаңшылық кезеңдері төрт елдің экономикасына да, әсіресе жер суландыру кезінде қатты әсер етеді", - деді С. Балқыбеков.

Қырғызстан Орталық Азиядағы энергетикалық ресурстардың 2%, су энергетикалық ресурстардың 30%-ына ие, оның оннан бір бөлігі ғана игерілген. Қырғызстанның отын-энергетикалық баласының құрылымында импорт 50%-дан асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны