08.11.2012, 16:55 3830

"Орталық Азия мұнай өнімдерінің нарығы: даму үрдісі, технологиялар, ЖМҚС және мұнай базалары үшін жабдықтар" ІІІ халықаралық көрме-конференциясы өтеді

"ҚазМұнайГаз" АҚ: Қазақстан Мемстандарты "Орталық Азия мұнай өнімдерінің нарығы: даму үрдісі, технологиялар, ЖМҚС және мұнай базалары үшін жабдықтар" ІІІ халықаралық көрме-конференцияға ресми қолдау көрсетті, деп хабарлады "Самұрық Қазына" ҰИҚ баспасөз қызметінен.

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - "Орталық Азия мұнай өнімдерінің нарығы: даму үрдісі, технологиялар, ЖМҚС және мұнай базалары үшін жабдықтар" ІІІ халықаралық көрме-конференциясы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазМұнайГаз" АҚ: Қазақстан Мемстандарты "Орталық Азия мұнай өнімдерінің нарығы: даму үрдісі, технологиялар, ЖМҚС және мұнай базалары үшін жабдықтар" ІІІ халықаралық көрме-конференцияға ресми қолдау көрсетті, деп хабарлады "Самұрық Қазына" ҰИҚ баспасөз қызметінен.

Іс-шараның ұйымдастырушылары - еліміздің ұлттық отын операторы "ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ және "Современная АЗС" халықаралық журналы. Іс-шара Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің ресми қолдауымен өтеді.

Конференцияға:

- "Газпром нефть-Казахстан" ЖШС Бас директоры Аймен Қасенов;

- "ВНИИ НП" ААҚ Бас директорының орынбасары Александр Данилов қатысады.

Атқарушы билік органдарының арасында келесі органдар баяндама жасайды: ҚР Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, ҚР Көлік министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі, ҚР Мемстандарты, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті және т.б.

Бүгінгі күні Ортаазиялық өңір мемлекеттерінде мұнай өнімдерін жеткізумен, олардың құнымен, сапасымен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету саласы қызметінің заңнамалық аспектілерімен белгілі бір деңгейде қиыншылықтар бар. Сонымен қатар, жаңа техникалық регламентті әзірлеу, Кеден одағы аясында компаниялардың қызметі аспектілеріне байланысты көптеген сұрақтар туындайды. Жоспарланып отырған конференция нарықта орын алып отырған көптеген келелі мәселелерді көтеруге, бизнес пен мемлекеттік қызметтер арасында диалог құруға көмек көрсетуге, сондай-ақ өркениетті мұнай өнімдері нарығының тиімді және ашық жүйесін жасауға кедергі келтіретін барынша даулы аспектілерді белгілеуге мүмкіндік беретін құрал болуға бағытталған.

Конференция барысында келесі мәселелер талқыланатын болады:

- ҚР отын нарығын дамыту бағдарламасы. Мұнай өнімдері нарығын тұрақтандыру және молайту перспективалары. ҚР нарығында отын тапшылығын мұнай өнімдерімен жабу әдістері;

- Өңірдің ірі операторларының стратегиясы;

- Мұнай өнімдері нарығын дамытудың заңнама аспектілері;

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны