13.09.2017, 17:35 4215

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға қолдау көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын басқару жөніндегі агент функциялары "Казагромаркетинг" АҚ-нан "ҚазАгроКепіл" АҚ ауысты

ҚазАгроКепіл өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруға қолдау көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын басқару бойынша агент болды.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚазАгроКепіл өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруға қолдау көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын басқару бойынша агент болды.

Астық және май дақылдарыныӊ белгілі бір түрлерін және мақта мен қант қызылшасын өсіретін ауыл шаруашылығы өндірушілерініӊ мүліктік мүдделерін қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғау мақсатында, 2004 жылы Қазақстанда "Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру туралы" заӊы қабылданған болатын.

Заӊға сәйкес жоғарыда аталған дақылдарды отырғызғаннан кейін, фермер оларды сақтандыру компаниясында немесе өзара сақтандыру қоғамында (ӨСҚ) сақтандыруға міндетті. Сақтандыру жағдайы басталғанда, рәсімдер қатарынан кейін сақтандыру компаниясы/ ӨСҚ фермерге толық көлемде шығынды өтейді. Содан кейін осы төлемдеріӊ 50% сақтандыру компаниясы/ӨСҚ бюджет қаражатын басқару бойынша агент арқылы бюджеттік ақшадан төлейді және осылайша өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды қолдау көрсетіледі.

2004 жылдан бастап 2012 жылға дейін Агент функцияларын "Ауыл шаруашылығына қаржылық қолдау көрсету қоры" АҚ орындаған болатын, 2012 жылдыӊ шілде айынан бастап осы қызметті "Қазагромаркетинг" АҚ жүзеге асыратын.

2017 жылдыӊ 6 қыркүйегінен бастап құқықтар мен міндеттемелерде тұлғалардыӊ ауысуы туралы Келісім жасасқан болған, оған сәйкес Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға қолдау көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын басқару жөніндегі агент функциялары "Казагромаркетинг" АҚ-нан "ҚазАгроКепіл" АҚ ауысты.

"ҚазАгроКепіл" АҚ өкілдері осы күннен бастап комиссия құрамына кіреді, олар құрғақшылық, үсіп кету, су тасқыны, аӊызақ, бұршақ, сел, жылудыӊ жетіспеуі, жауын және т.б. сияқты қолайсыз табиғи құбылыстардан егіс жойылуы алаӊын және дәрежесін анықтау үшін шаруалардыӊ егіндерге шығуларды жүзеге асырады.

Фермерлердіӊ ысыраптары егінніӊ толық жойылуында да, ішінара ысыраптарында да сақтандыру компанияларымен/ӨСҚ өтеледі. Сақтандыру жағдайы басталғанда, енді "ҚазАгроКепіл" АҚ бюджет қаражаты есебіненсақтандыру компанияларына/ӨСҚ сақтандыру төлемдеріне шығындардыӊ 50% жауып тұрады.

Анықтама үшін:

"ҚазАгроКепіл"2003 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасыныӊ 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түліктік бағдарламасын іске асыру аясында коммерциялық емес ұйым түрінде құрылған болатын. Компанияныӊ басты мақсаты АӨК субъектілерініӊ міндеттемелерін орындауды сақтандыру және кепілдендіру саласында аграрлық секторды хеджирлеу жүйесін дамыту болып табылады. "ҚазАгроКепіл"АҚ- "ҚазАгро" холдингініӊ еншілес ұйымдарыныӊ біреуі болып табылады және оныӊ тікелей басқаруымен Қазақстанныӊ барлық облыстарыныӊ 14 өкілдіктерінде өз қызметін іске асырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны