04.05.2009, 15:21 3014

Өскемен конденсатор зауыты өз өнімін Еуропаның 26 компаниясына сататын болады - ҚР ИСМ

Өскемен конденсатор зауыты өз өнімін Еуропаның 26 компаниясына сататын болады - ҚР ИСМ

Астана. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Өскемен конденсатор зауыты" АҚ өз өнімін Еуропаның 26 компаниясына сататын болады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне ҚР Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Германияда 2009 жылғы 20-24 сәуірде өткен "Hannover Messe" халықаралық өнеркәсіптік көрменің қорытындысы бойынша "Өскемен конденсатор зауыты" АҚ өз өнімін Еуропаның 26 компаниясына сату жөнінде уағдаластыққа келді.

Германиядағы Қазақстан жылына арналған іс-шаралар шеңберінде, отандық компанияларға тауарлар экспортын алға жылжыту үшін көмек көрсету мақсатында Индустрия және сауда министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған көрмеге қазақстандық экспортқа бейімделген кәсіпорындар төртінші рет қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны