25.08.2016, 09:37 3693

Өскемен мен Семейде 60-тан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

"Басым бағыттардыӊ ішінде жылу-сумен қамту, суды үнемдеу, дала жарығын ауыстыру, Жеӊіс пен Қазақстан көшелеріндегі көлік қиылысын жаӊғырту қарастырылған. Қазір бұл жобалардыӊ құжатын дайындау жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Астана.25 тамыз. Kazakhstan Today - Өскемен мен Семейде 60-тан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық, құрылыс, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы жобалардыӊ көп бөлігін Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастық аясында жүзеге асыру жоспарланып отыр.

"Басым бағыттардыӊ ішінде жылу-сумен қамту, суды үнемдеу, дала жарығын ауыстыру, Жеӊіс пен Қазақстан көшелеріндегі көлік қиылысын жаӊғырту қарастырылған. Қазір бұл жобалардыӊ құжатын дайындау жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Қала басшылығы ЕҚДБ ынтымақтастығыныӊ көмегімен қоғамдық көліктіӊ көшпелі құрамын жаӊартып, кәріз коллекторын жөндей алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны