08.08.2013, 14:33 14768

Өскеменде нан бағасы қайта қымбаттады

Өскемен дүкендерінде нан бағасы қайтадан қымбаттады. Кешегі күнге дейін 50 теңгеден сатылып келген ақ нанның бағасы 55 теңгеге көтерілді

Өскемен. 8-тамыз. Kazakhstan Today - Өскемен дүкендерінде нан бағасы қайтадан қымбаттады. Кешегі күнге дейін 50 теңгеден сатылып келген ақ нанның бағасы 55 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қала әкімдігі жыл басында "бұдан былай нан бағасы қымбаттамайды" деп, уәде берген болатын.

"Біз 23 нан зауытымен меморандум жасадық. Бұдан бөлек, халық көп тұтынатын азық-түлік өнімдері нан және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөнінде 14 келісімге қол қойдық. Бағаны қымбаттатып отырғандар меморандум жасауға қатыспаған нан шығарушылар болуы керек", - дейді Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов.

Дегенмен, қала тұрғындары меморандумның шарапатын көре алмай отыр. Шындығын айту керек, халықтың негізгі тұтынатын өнімі - нанның құны 50 теңгеден түспей отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны