10.04.2008, 15:02 3515

Өскеменде нан бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойылды

Өскеменде нан бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойылды

Өскемен. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Өскемен әкімі Шәкәрім Буктугутов "Өскемен ұн комбинаты" ЖШС мен нан өндіруші "Межебицкий" ЖК мен "Хлебные традиции" ЖШС-мен нан бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нан өндірушілер 1 сұрыпты ұннан жасалған "әлеуметтік" нанды өздерінің фирмалық дүкендеріне немесе қаладағы бөлшек сауда желісіне, денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінің жанындағы сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына 1 бөлкесін 40 теңгеден аспайтын бағамен жеткізеді. Бір бөлке нанның бағасы 600 грамм құрайды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны