03.04.2008, 15:18 3915

Өскеменде нан қымбаттады

Өскеменде нан қымбаттады

Өскемен. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде нан қымбаттады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің салық саясаты мен болжау бөлімінің бас маманы Иділжан Қоқырбаев хабарлады.

"Нан орта мөлшермен 5 теңгеге қымбаттап қазіргі күні бір бөлке нанның құны 55 теңгеге жетті", - деді И. Қоқырбаев. "Бұл жерде коммерциялық ұннан пісірілген нан бағасы ғана қымбаттады. Ал тұрақты бидай қорының бидайынан тартылып шығарылған нан бұрынғы 43-45 теңге бағасымен сатылуда ", - деп атап өтті ол.

И. Қоқырбаев хабарлағанындай бүгінгі күні қымбаттаудың себеп-салдары анықталып жатыр. "Біздің пікірімізше басқа аймақтардан соның ішінде Ресейден әкелініп жатқан коммерциялық ұн құнының қымбаттауынан нан бағасы көтерілді. Осыған орай өндірісшілер өз өнімдерінің бағасын көтеруге мәжбүр болып отыр ", - деді ол.

И. Қоқырбаевтың ақпараты бойынша, жағдайды тұрақтандыр үшін ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Өскеменде нанды шығаратын негізгі өндіріс орны болып саналатын "Нежебицкий" наубайхана жетекшісімен кездеседі.

" Бұл наубайханаға әлеуметтік ұнды бөлу жөнінде мәселе қарастырылып, жалпы бағаның одан әрі шарықтауына жол бермеу үшін әлеуметтік ұнның интервенциясын жасау жоспарланып отыр ", -деп түсіндірді маман.

"Сонымен қатар, нан бағасын одан әрі көтермеу мақсатында басқа да өндірісшілермен меморандумға қол қойылуы мүмкін ", -деп қорытындылады Қоқырбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны