06.04.2013, 15:02 3427

Өскеменде неміс компаниясы қоқыс өңдейтін зауыт салады

"Өскемен қаласына қоқыс өңдеу зауыты аса қажет. Бұл мәселе облыстық және республикалық деңгейде де бірнеше рет қаралған. Бірақ жобаны іске асыруға бюджетте қаржы болмады. Сондықтан немістің Eggersmann Anlagenbau Kompoferm GmbH компаниясы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуші зауыт салуға қызығушылық танытты",-деді Экологиялық қауіпсіздік орталығы.

Өскемен. 6-сәуір. Kazakhstan Today - Өскеменде Eggersmann Anlagenbau Kompoferm GmbH компаниясы қоқыс өңдейтін зауыт слады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Экологиялық қауіпсіздік орталығынан хабарлады, деп жазады BNews.kz ақпараттық агенттігі.

"Өскемен қаласына қоқыс өңдеу зауыты аса қажет. Бұл мәселе облыстық және республикалық деңгейде де бірнеше рет қаралған. Бірақ жобаны іске асыруға бюджетте қаржы болмады. Сондықтан немістің Eggersmann Anlagenbau Kompoferm GmbH компаниясы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуші зауыт салуға қызығушылық танытты",-деді Экологиялық қауіпсіздік орталығы.

"Зауыт құрылысы мен экологиялық және санитарлық нормалардың сақталуын Экологиялық қауіпсіздік орталығы мен ШҚО қоғамдық кеңесі бақылайтын болады. Қазір зауыт бой көтеретін орын белгіленді, ол тұрмыстық қатты қалдықтар полигонынан 4 шақырым жерде орналасады. Алдын ала мәліметтеге қарағанда, зауыт 2014 жылы іске қосылады. Зауыттың қуаттылығы жылына 100 мың тоннаны құрайды",-деп атап өтті орталық өкілдері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны