24.08.2012, 16:47 3317

Өскеменде шары бар крандарды өндіретін зауыт ашылды

Қазақстан мен Ресейдің жалпытехникалық мақсаттағы шары бар крандарды өндіретін біріккен кәсіпорны аймақтық Индустрияландыру картасына кіреді.

Алматы. 24-тамыз. Kazakhstan Today - Өскеменде шары бар крандарды өндіретін зауыт ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан мен Ресейдің жалпытехникалық мақсаттағы шары бар крандарды өндіретін біріккен кәсіпорны аймақтық Индустрияландыру картасына кіреді.

Атап өтейік, "Өскеменнің "КазРосПромАрматура" зауыты" ЖШС-ін құру шешімі 2011 жылдың сәуір айында ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастықтың интеграциялық аспектілерін тереңдету аясында, сондай-ақ ҚР Үкіметінің ҚР-ның машина жасау кешенін дамыту және инновациялық өндірістерді дамыту туралы қаулысы назарға алынып қабылданды.

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, зауытты дамыту бағдарламасы 4 жылға есептеліп, 4 негізгі кезеңді құрайды. Бірінші кезеңде Өскеменде басты кәсіпорын - "ЧелябинскСпецГражданСтрой" жеткізетін жинақтаушылардан шарлы крандарды жинау учаскесін пайдалануға беру.

Атап өтілетіндей, бірінші жоспарланған жаңа өндірістің тұсаукесерінің алдында жаңа өндірістің барлық технологиялық кешенін пайдалануға берумен Қазақстандық үлес 87-89 пайызға дейін өседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны