21.12.2007, 10:28 1911

Өскеменде жеңіл болат конструкция зауыты ашылды

Өскеменде жеңіл болат конструкция зауыты ашылды

Өскемен. 21-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде жеңіл болат конструкция зауыты ашылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Восток-Шаңырақ" ЖШС (жеңіл болаттан жасалатын жұқа қабырғалы конструкция өндіретін зауыт) директоры Владимир Марковтың ақпаратына сүйенсек, кәсіпорын еуропалық сападағы мырыш жалатылған болаттан термопрофиль өндірумен, сондай-ақ, сыртқы қабырғаға панель, бөгет, жабын, еден жасаумен айналысады.

Сонымен бірге, зауыт жеңіл болаттан жасалатын жұқа қабырғалы конструкцияны пайдалана отырып жер үй және көп пәтерлі үйлер, ғимараттар, дуал-қоршаулар, мансарда және басқа да үй-жайлар салуға маманданған. Осы мақсатта "Восток-Шаңырақ" ЖШС Өскеменде үй салатын комбинатты (Финляндияның "Samesor" өндірістік кешенінің негізінде) салуға инвестиция жұмсады.

Владимир Марков хабарлағандай, комбинаттың жобалық қуаты - тәулігіне екі үй кешені немесе жылына 150 мың шаршы метрге дейін жоспарланып отыр. Құрылыстың 90 пайызы зауытта жасалады.

"Осы технологиямен салынған үйлерді жылдың қай мезгілінде болмасын құрастыру мүмкіншілігі, ғимараттардың салыну жылдамдығы мен дәлдігі, салынған үйлердің энергияны тиімді үнемдеуі, сейсмикалық қысымға төтеп беретіні және жоғары экологиялық тазалығы ерекшелейді", - деп атап көрсетті кәсіпорын директоры.

Зауыттың салтанатты ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сергей Плотников пен Өскемен қаласының әкімі Шәкәрім Бұқтығұтов қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны