02.11.2019, 14:41 16751

Қостанай облысы жолдарын тексеру барысында кемшіліктер анықталды

Филиалдың зертханасында тоғыз сынама тексерілді (ыстық асфальт бетон қоспасынан жасалған ұсақ түйіршікті қиынды), барлық үлгілер судың қанығуы мен тығыздық коэффициенті бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейді. Осы кемшіліктер туралы ақпарат уәкілетті органдарға жіберілді.

Нұр-Сұлтан. 2 қараша. Kazakhstan Today - Қостанай облысы жолдарын тексеру барысында кемшіліктер анықталды.

"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдерімен бірге Қостанай облысындағы "Федоровка-Первомайское" жолының жөндеу жұмыстарымен танысып, бірнеше кемшіліктерді анықтады.

"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Бас директорының орынбасары Дархан Сақанов қоғам белсенділері және БАҚ өкілдерімен бірге "Федоровка - Первомайское" км 0-34 аудандық жолын тексерді. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Қостанай облыстық филиалы қызметкерлері аталған нысаннан сынама алды.

2018 жылдың қазанында және 2019 жылдың қыркүйегінде филиал орындалған жұмыстардың сапасына сараптамалық зерттеулер жүргізді және осы нысаннан жол-құрылыс материалдарының сынамаларын алған болатын. Тапсырыс беруші - "Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ, мердігер - "СCK Lider Plus" ЖШС, іске асыру мерзімі 2018-2020 жж., Нысанның жалпы сметалық құны 907 637 092 теңге.

2018 жылы тексеру нәтижелері бойынша 14 кемшілік анықталды және осы кемшіліктерді жою бойынша филиалға ақпарат келмеді. Филиалдың зертханасында тоғыз сынама тексерілді (ыстық асфальт бетон қоспасынан жасалған ұсақ түйіршікті қиынды), барлық үлгілер судың қанығуы мен тығыздық коэффициенті бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейді. Осы кемшіліктер туралы ақпарат уәкілетті органдарға жіберілді.

2019 жылы тағы да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен, тапсырыс берушілер мен мердігерлермен және БАҚ өкілдерімен бірге тексеріс жүргізілді. Сараптама барысында 3 сынама алынды (ыстық асфальт бетон қоспасынан жасалған ұсақ түйіршікті қиынды), 3 үлгі тығыздық коэффициенті және суға қанығуы бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеді. Барлық бұзушылық фактілері бойынша тапсырыс берушіге, мердігерге және уәкілетті органдарға бұзушылықтарды жою туралы хаттар жіберілді. Бүгінгі таңда ақаулар мен ескертулерді түзету туралы ақпарат филиалға келіп түскен жоқ.

"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны