10.06.2019, 20:51 8953

Қостанай облысында 19 500 евро жалған ақшамен ұйымдасқан топ құрықталды

Ұстау кезінде қылмыскерлерден 223 000 РФ рублі, сондай-ақ 8 000 000 теңге тәркіленді.

Нұр-Сұлтан. 10 маусым. Kazakhstan Today - Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жедел отработка нәтижелері бойынша Қостанай облысының аумағында алдын ала сөз байласу арқылы жалған валюта қаражатын өткізумен айналысқан бір топ тұлғалар анықталды. Ұстау кезінде қылмыскерлерден 223 000 РФ рублі, сондай-ақ 8 000 000 теңге тәркіленді.

Қылмыстық топ барлығы 19 500 EURO өткізген, сараптама қорытындысына сәйкес валюталық қаражат жалған болып табылады.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-тармағы "Жалған ақша немесе бағалы қағаздар дайындау, сақтау, алып өту немесе өткізу" және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-тармағы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары тіркелді.

Қостанай қаласының соты ұсталынған тұлғаларға қатысты бұлтартпау ретінде қамауда ұстау шарасы санкцияланды, басқа қылмыстарға қатыстылығы бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны